Ғалымдар адам сезіне алатын ең күшті ауру сезімін анықтады
Ғалымдар зерттеу нәтижесінде адам сезіне алатын ең күшті ауру сезімін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Unilad.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Бұған дейінгі зерттеуге қатысқан әйелдердің 78 пайызы, ер адамдардың 89 пайызы бүйректегі тас бұрын-соңды сезініп көрген ауру сезімдерінің ішіндегу ең күштісі екенін айтқан.
Дегенмен 2020 жылы жарияланған зрттеу кезінде кластерлік бас ауруымен ауыратын 1600 адамнан сүйек сыну, пышақ жарақаты мен өзге де ауру сезімдерімен салыстыруды сұраған.
Дегенмен кластерлік бас ауруы ең күштісі болып шықты. Қатысушылар мұны 10 балдық шкалада 9,7 балл деп бағалады.
Майо клиникасының дерегіне сәйкес кластерлік бас ауруын "ең төзімсіз бас ауруы" ретінде сипаттайды. Ол көбіне "кластерлік" деп аталатын ұстама кезінде болады. Кластерлік мерзімдер аптаға, кейде бірнеше айға созылуы мүмкін.
Негізгі белгілері: бір көздің асты ауырып, кейін ауру бас және мойынға ауысады. Адам мазасызданып, мұрны бітеледі, бетінің түсі өзгереді.
Зерттеу қорытындысы бойынша күштілігі бойынша 7,2 балмен босану екінші орынға жайғасты. Қатысушылар панкреатит кезіндегі ауру сезімін 7 балл деп бағалап, үшінші орынға орналасты. Ал төртінші орында бүйректегі тас тұр.
5 балдан аса ұпай жинаған өзге ауру сезімдері қатарында оқ тию, омыртқа аралық дисктің жылжып кетуі, сүйек сыну бар. Ал жүрек талмасы 10 балдық шкалада тек 5 балл жинаған.