Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар 10 000 жыл бұрын жойылып кеткен қасқырлардың геномын пайдаланып үш күшік жасап шықты

Жойылып кеткен жануарларды қалпына келтірумен айналысатын Colossal Biosciences компаниясы алып қасқырларға ұқсайтын генетикалық түрлендірілген үш күшікті таныстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Apnews.com

Генетикалық түрлендірілген үш күшіктің жасы үш айдан алты айға дейін. Салмағы 36 келіге жуық. Ересек болғанда салмағы 63 келіге дейін жетеді. Олардың аты Ромул, Рем және Кхалиси.



Ғалымдар қайта қалпына келтірген алып қасқырлар осыдан 10 000 жылдан астам уақыт бұрын жойылып кеткен. Олар қазіргі сұр қасқырлардан айтарлықтай үлкен болған. 

"Ғалымдар жойылып кеткен түрге ұқсайтын жануар жасайды. Бірақ бұл жойылған тіршілік иелерінің толық рекреациясы емес", – дейді Буффало университетінің биологы Винсент Линч. 

Фото: Apnews.com

Жойылып кеткен қасқырларды жасау үшін ғалымдар қасқыр қалдықтарынан алынған ежелгі ДНҚ-ны, Огайодан табылған 13 000 жылдық тіс пен Айдахода табылған 72 000 жылдық бас сүйек фрагментін зерттеді. Зерттеушілер CRISPR (clustered regularly interspaced short palindromic repeats) технологиясын қолданып, геномның 20 аймағына өзгерістер енгізіп, сұр қасқыр жасушаларын өзгертті. Бұл жасушалар иттің жұмыртқасына ауыстырылды. Ал эмбриондар суррогат аналарға, иттерге имплантацияланды. 62 күннен кейін генетикалық түрлендірілген қасқырдың төлдері дүниеге келді.

"Қасқыр күшіктері жас алып қасқырларға ұқсағанымен, бұлан сияқты ірі жануарларды аулау дағдыларын үйрене алмайды. Өйткені олардың жабайы ата-аналары жоқ", – дейді компанияның жануарларды күту жөніндегі сарапшысы Мэтт Джеймс.

Айта кетейік, бұған дейін Америкалық зерттеушілер мамонттың жүні бар тышқан өсіріп шығарған еді. 

Талқылау