Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғаламторда КТК тележүргізушісінің киімі қызу талқыға түсті (фото)

Тележүргізуші – эфирдің бет-бейнесі, телеарнаның айнасы іспетті. Кадр сыртында қанша адам жұмыс істесе де, көрермен қауым арна жұмысына тележүргізушіге қарап баға береді. Тіпті, көгілдір экрандағы бұл «жұлдыздарға» қарап бой түзейтін жастар баршылық, деп жазады Stan.kz.

Дәл осы себепті тележүргізушілер әр қадамын аңдап басады. Олардың жүріс-тұрысы, киім киісі, тіпті сөйлеу мәнері әрқашан халық назарында. Мәселен, күні кеше эфирге аса тартымды костюм киіп шыққан танымал тележүргізуші Қарлығаш Исабекова көпшіліктің сынына ұшырады.

Суретті жариялаған автор: «Таңертең КТК-дан «Шындық министрлігі» бағдарламасын көрдім (16.11.17), жүргізушісі өте қызық екен, әсіресе іскерлік костюмі», – деп жазған.

Желі қолданушылары аталған постты қызу талқыға салды. Көпшіліктің пікірінше, КТК қызметкерінің киімі эфир үшін ерсі әрі анайы көрінетіндей…

«Бағдарламаның көтеретін тақырыбы маңызды. Бірақ тележүргізушінің костюмі тақырыпты ұғынуға мүмкіндік бермеді», «Костюмі сұмдық қой, эфир үшін біртүрлі», «Бұл бикештің орны басқа бағдарлама сияқты. Жалпы ТВ-да стилистер жұмыс істей ме?» – деп сынады желідегілер.

Қолданушылар жүргізуші костюмді «секс-шоптан» алған деп қалжыңдап жатты.

Жіберіп алмаңыз:

Қанша балаға көмек керек: Аружан Саин Парижден пәтер алған шенеуніктің есімін атауды талап етті

Ұлттық банк төрағалары туралы әзіл аралас жұмбақ желіде тарап кетті

Көкшетауда жезөкше клиентінің бар ақшасын тонап кеткен

Ақтөбеде дін жолында жүрген ата-аналар намаз оқитын таксист іздейді

Талқылау