Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ғаламдық апат емес": Роман Скляр Екібастұздағы жылудың өшірілуіне қатысты пікір білдірді

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр үкімет отырысының кулуарында Екібастұздағы жылу желілерінде болған апатқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Екибастуз кыргыздар

Скляр жылу-электр орталығындағы апатқа байланысты қаланың түгелдей емес, жартылай жылусыз қалғанын мәлімдеді. 

"70 тұрғын үйде жылу өшті. 1 желтоқсанда олардың 58 үй болды. Екібастұзда 689 көпқабатты үй бар, 15 жылыту пункті ашылды. Тұрғындардың көпшілігі үйлерінде болғаны рас, 30%-ы шығар, олар өз үйлерін күзетті. Бірақ барлық қала тоңды дейтіндей ғаламдық апат емес. "Екібастұз қатып қалды" деген сөздер үш шағынауданға қатысты. 5100 пәтерде тұратын 13 мың адам жылусыз қалды. Әрине, бұл да өте көп", – деді ол.

Премьер-министрдің орынбасары жылу-электр орталығын жөндеу үшін қанша қаржы жұмсалатынын да айтты. 

"Екібастұздағы 340 шақырым жылу желілері "Екібастұз-жылу энерго" меншігінде, 120 шақырымға жуық желілер – жеке ұйымдар және жеке тұрғын үй секторына тиесілі. Жылу желілерін жыл сайын ауыстыру қажет. Біз 1981 жылдан бері келе жатқан құбырларды да көрдік. Әрине, олардың тозуы заңды. Жөндеуге шамамен 12 миллиард теңге қажет екенін ескеру қажет", – деп қосты Скляр. 

Роман Скляр бұл жағдайдан үкіметтің сабақ алып, өзге аймақта орын алмауына жол бермеуі керегін қосып өтті. 

"Меніңше, президент айтқан проблемалық мәселелер міндетті түрде шешілетін болады. Екібастұздағы апаттан кейін тиісті қорытындылар жасалады. Осы жағымсыз тәжірибеден сабақ алып, басқа қалаларда қайталануына жол бермеуіміз керек", – деді ол.

Талқылау