Айдарбекова ұлына тіл тигізген жігітті ұрысқақ әйелге теңеді (видео)
Қанша жерден есейіп кетсе де, ана үшін бала әрқашан бала болып қала бермек. Перзентіне әлдебіреу қастандық жасаса, кез келген ана жүрегінің ауыратыны хақ. Гүлзира Айдарбекова да өзге аналар ұқсап балаларын сырт көзден, қас пен дұшпаннан қорғауға асық, деп жазады Stan.kz.
ячы
Продюсер-ана кіші ұлы Заңғардың спорт залында жаттығу жасап жатқан сәтінен видео жариялап: «Менің кішкентай жүрегімнің үйдегі жаттығуы», – деп жазды.
Өз кезегінде желідегілер Заңғардың сымбатты жігіт екенін атап өтті. Алайда оқырмандар арасында жас жігітке себепсізден-себепсіз тіл тигізгендер де табылды. Бұл орайда Қайрат Нұртастың анасы желіде ұлдарына тіл тигізген жас жігітпен қырқысып қалды. Бауыр еті баласының жетістігіне қызғанышпен қарап, аузына келгенді жазған адамға Айдарбекованың берер жауабы мынадай:
«Жанболат, қандай ана сені туды екен? Өте аяныштысын. Еркек басыңмен біреудің анасының парақшасына әйел ұқсап, керексіз жерге тұмсығыңды тығып тіміскіленіп отырсын. Менің ұлдарымның жетістігі ішіңді өртеп, өзіңді жұбатып отырған түрің шығар. Туалетке теңейтін не көріп тұрсын? Ұзын сөздің қысқасы, несіне шалбар киіп жүрсін, юбка киіп ал, әйелдермен салғыласып отыруыңа лайықты боласың».
Ал Айдарбекованың ғана емес, желіде бір топ оқырмандардың ашуына тиген Жанболат өз пікірін өшіріп, тіпті есімін өзгертіп тастаған көрінеді.
Жіберіп алмаңыз:
Жазира Байырбекова қарт әжейдің өліміне араша түсе алмағанына күйінді
Асылбек Еңсеповті экс-қайын атасы Төлеген Мұхамеджанов қуанышымен құттықтап келді
Гүлзира Айдарбекова күйеуінен айырылып қала жаздаған күнді есіне алды
Фарида Жолдасова мен Иса Әлимұсаның “Диалогы” желіде хитке айналды (видео)