Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова Төреғалидің тойында бидің түбін түсірді (видео)

Ұлы дала баласының дүркіреп өткен тойына шақырылған кей қонақтар келмей қалды. Мейрамбек Бесбаев, Ұлықпан Жолдасов, Қайрат Нұртас, тіпті, Төреғалидің 5 күндік концерті мен тойын ұйымдастырып берген продюсер Жан Мұқанов тойда төбе көрсетпеді. Әріптесінің қуанышына Қайрат келмегенімен, оның ата-анасы Төрешті қуанышымен құттықтап келді, деп жазады Stan.kz.

Әсіресе Гүлзира Айдарбекова тойда құрдастарымен билеп, мейлінше көңілді жүруге тырысты. Ол желідегі парақшасына әріптесі, продюсер Ерғали Әбдірайымовпен бірге би билеген сәтін жүктеп, жұртты қызықтырып қойды.

Көпшілік Айдарбекованың жылдан жылға жасарып бара жатқанын атап өткен. Желідегілер жасыл түсті барқыт көйлектің де продюсерге жараса кеткенін атап өтті.

“Әдемісіз”, “Гүлзира әпке, сондай тәттісіз ғой, қылықтарыңыз бәрі өзіңізге жарасады”, “Көйлегіңіз өте әдемі жарасып тұр, бақытты болыңыз”, “Мәссаған көйлек иесін тапқан екен, құйып қойғандай”, “Көйлегіңіз, қимылыңыз бәрі жарасып тұр”, – деп тамсанды желі оқырмандары.

Құрдасыммен би қалай кетті?Еліміз тыныш, жақсы күндеріміз көөөп болсын!

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Жіберіп алмаңыз:

Төреғали тойына қатыспаған екі қызы туралы айтты

Рауан Дәулетов Ақботаның бірінші күйеуімен араласатынын айтып, елді таңғалдырды

Ернар Айдар келіншегін жасыруының себебін ашып айтты

Төреғалиді ұнатып қалған Толқын оған өзі алғаш хат жазып, сезімін білдірген

Талқылау