Гүлзира Айдарбекова немерелері үшін арнайы жоба жасамақ
Жалпақ жұртқа келінін таныстырған Гүлзира Айдарбекованың ендігі арманы басқа. Ол Жұлдыз Әбдікәрімовадан нағыз кино жұлдызын жасамақшы. Қазіргі уақытта Қайраттың анасы келінін танытудың жолдарын іздеп әлек. Бұдан бөлек, танымал продюсер немерелері үшін арнайы жоба дайындап жатқан көрінеді.
Бұл туралы “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Гүлзира Үсенқызы немерелерін елге таныстыратын сәтті жоспарлап жүргенін жасырмады.
“Енді ұзақ уақыт емес, 1-2 айдың көлемінде Алла қаласа бір жақсы жаңалықпен шығамыз. Оларды да бір қуандырып, жұрттар ләззат алатындай, асығып кеп көретіндей жобалар жасауға тырысамын”, – деп түсіндірді Айдарбекова.
Гүлзира Үсенқызы келіні мен немерелерін жасырып келуінің тағы бір себебін ашып айтты.
“Шынымды айтсам, есіктің алдын торуылдап жүрген қаншама адамдар болды. Осындай түсірілім тобымен жүргендер де, былайша адамдар да болды. Балаларға кесірі тиіп кете ме деп қорықтық. Өйткенің Қайратты білесіздер ғой, шырбалаң өмір дейді ғой. “Праймдағыны” бірі білсе, бірі білмейді”, – деп атап өтті ол.
Жіберіп алмаңыз:
Баян Мақсатқызы таспалаған фильм халықаралық жүлдеге ие болды
Айдарбекова: Қазақстанда келінім Жұлдыздан асқан сұлу әйел жоқ
Димаш Құдайберген ұнатқан қызы үшін қатарластарымен төбелескен
Намаз оқитын Абай Бегей арақ қойылған тойдан кейін қалай тазаратынын айтты