Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова келінін жылдар бойы жасыруының себебін ашып айтты

Қайрат Нұртастың анасы 10 жыл бойы жұртты мазалаған сұрақтың нүктесін қойды. Гүлзира Айдарбекова алғаш рет келіні Жұлдызды ел көзінен тасада ұстауының себебін ашып айтты. Ол желідегі жазбасында Қайраттың шығармашылығын бірінші орынға қойғандықтан, Жұлдызды танытуды екінші жоспарға қалдырғанын мойындады. Алайда ештеңеге қарамастан, шаңыраққа келін болып түскен күннен бастап Жұлдызды өз қызындай жақсы көргенін мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

“Иә, расында да, біз Қайраттың жеке өмірін жасырып ұстауды, жеке өмірі жөніндегі ақпараттарды құпия ұстауды жөн көрдік. Қазақ Оттың басын, шаңырақты кие тұтып, тұнығын лайлатпаған. Қайрат та сол киелі шаңырақтың басы болды. Жеке өмірдің аты жеке өмір болғаннан кейін Қайрат та жеке өмірге келгенде оңашалықты қалады.

Онан кейінгі себеп Қайраттың жары Жұлдыздың мамандығы – актриса. Біз Қайрат отау құрып, отбасын құрып жатқан уақытта Қайратпен жұмыс жасап, оған əдемі əндер жазу арқылы тыңдарман жинап, жұлдызға айналуы жолында қызу қызмет үстінде болғанбыз. Сондықтан, Жұлдызды екінші кезекке қоя тұруға тура келді. Енді мен бұл уəжді продюссер ретінде айтып отырмын.

Ең бастысы Қайратты халық шығармашылық адамы ретінде таниды, сондықтан өнер адамы ретіндегі қыр-сырын ғана сарапқа салған дұрыс секілді. Сол секілді Жұлдыз да өнерден алыс адам емес. Үйде мен оларды балаларым ретінде тəрбиелегеніммен, шығармашылыққа келгенде оларға мен продюссер ретінде кəсіби тұрғыда қараймын.

Аллаға шүкір, бүгінгі күні Қайрат толық шығармашылық адамы ретінде қалыптасып үлгерді. Енді Жұлдыздың да шығармашылық қарым-қабілетін көпшілікке таныстыруды əріптестеріммен бірге ақылдаса отырып, жөн көрдік. Мына фильм де осы сөзімнің дəмдемесі.

Фильм жөнінде қысқаша мəлімет берсем- фильм Қайраттың жеке өмірі жөнінде екен деген секілді ойларды естіп қалып жүрміз. Алайда, олай емес! Халықтан “Қайрат үйленген ба?, Әйелін неге жасырасыз, “гүл құшақтап отырғанша, немерелеріңізді құшақтап отырмайсыз ба?, деген сияқты ауыр сөздерді естідім. Сол кезде Қайраттың жеке өмірі жайлы фильм түсірем, сол кезде көресіздер деп жауап бергенмін. Рашид Сүлейменов “Арман” фильмінің сценариін ұсынғанда, көп ойландым, қолым бармады. Отбасымызбен бұл тақырыпта фильм түсіруге қарсы болдық. Түрлі ойлар санамды мазалады.

Ел қалай қабылдар екен? Бүкіл жұртқа 10 жыл жасырып келген келінімді зорлатып қойып қалай ұсынам деген ойлар маза бермеді. Бірақ… Тәуекелге бел буып, Қайратымның отбасын түсіргеннен мен елге, қоғамға аса бір маңызды көмек келтірмейтінімді біліп, отбасымызбен ақылдасып, режиссерге келісімімізді бердік. Бір жағынан мақсатым келінім Жұлдыздың актерлық шеберлігін көрсету болды. Дегеніме жеткен сияқтымын.

Осы күнді 10 жыл бойы армандадым. Ақылды, сұлу Жұлдызымды бүкіл елге паш еткім келді. 10 жыл бойы өзімнің туған қызымдай тәрбиелеп, қорғаштап өсірдім. Біздің шаңырақтың табалдырығын аттаған күннен бастап, жанымнан артық, жүрегіммен жақсы көрдім. Бар шындық осы. Ал, енді фильмге келетін болсам, “Арман/ Когда ангелы спят” фильмі қоғамдағы қатерлі дүниелерді, адамшылықтан асып кетіп, талай отбасын қан жылатқан, тағдырды талқыға салып, пенденің өмірімен ойнағандарды бүкпесіз, боямасыз əспеттейтін фильм”, – дейді Гүлзира Үсенқызы.

Жіберіп алмаңыз:

16 жастағы “Семей аруы” Түркиядағы сұлулық сайысында жеңіске жетті (фото)

Мөлдір Әуелбекова күйеуімен екі бөлек қалада тұрып жатқанын мойындады

Жұлдыздар жауап берсін: 25 жаста мен не істедім?

Өнердегі әріптестері Төреғалидың концертін сынап тастады

Талқылау