Жұлдыздар жауап берсін: 25 жаста мен не істедім?

Алматыда #Айхай25 атты шоу-концертін ұсынып, 5 күн қатарынан кеш өткізген Төреғали аға-әпкелерін ерекше әсерге бөлеп отыр. Бұл жолы Ұлы дала баласын қолдап келген жұлдыздар 25 жаста бағындырған белестерін айтып мақтанды. Stan.kz тілшісі жүргізген арнайы сауалнамада настальгияға толы жауап алдық.

«Мен 25 жасымда тұрмыс құрдым. Содан кейін ана атандым. Мен үшін ең басты жетістік осы деп ойлаймын. Әрине, 25 жас мен үшін өте-өте есте қаларлық жас. Өте маңызы зор»,- дейді Зарина Омарова.

Ал, Мөлдір Әуелбекова үшін бұл жас нағыз шығармашылықты шыңдаудың кезеңі болған.

«25 жас? Қай жылы өзі? (күледі) Мен 25 жасымда «Кешью» тобында ән салдым. Енді әр нәрсенің өзіндік биіктігі болады ғой. Ол мен үшін бір жетістік мысалы», – дейді Мөлдір Әуелбекова.

Қыз-қырқынның назары, танымалдылықтың тәтті дәмін сезінген серілік жас! Иә, #Айхай25-те «Жігіттер» тобының да дәурені жүріп тұрған кездер еді. Бүгінде келмес кезеңді артта қалдырған квартет әншісі Бағланның бұл тақырыпқа қатысты айтары мынау…

«Біз «Жігіттер» тобы 25 жасымызда қаракөз қарындастырымыздың ерекше ықыласына бөленген кезіміз еді. Бізге бірнеше метр хат жазатын сәттер сол кезде еді. Бірақ отбасылы болғаннан кейін қыздардың бізге деген ынтызарлығы саябырсап қалғаны да шындық. Ол заңдылық», – дейді «Жігіттер» квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов.

Сонымен қатар, 25 жасқа қатысты Айқынның айтар өз естеліктері бар. Суперстарлық сері осыдан 10 жыл бұрын жұрт назарында болған жұлдызды сәттерін сағына еске алады.

«25 жаста бізде айхайлатып жүргенбіз. #Айхай25 кезіміз болды. Әркімнің жолы бөлек қой. Біз суперстардан шықтық. Ол кезде шоу-бизнес басқа. Ол кезде Республика сарайында бір концерт берсең оның өзі ерлік болатын. Қазір қазақ әндерінің көрермендері көбейді. Ол кезде аз болатын», – дейді Айқын Төлепберген.

Ал, 25 жаста Болмановты толғандырған тақырып тым бөлек еді. Жалындап тұрған жас жігіт Кеңес дәуірі тараған тұста қазақ әндерінің тапшы болғанын айтады. Сондықтан, бұл жаста Қыдырәлі отандық музыканы насихаттаудың түрлі жолдарын қарастырып, ел үшін еңбек еткенін айтады.  

«Мен 25 жасқа толған кезде қазақ әндері көп шырқалмайтын. Орыс тілді әншілерді тыңдап, қазақы әндері неге шырқалмайды деп намыстанып жүрген кезім. Сондықтан, 25 жасымызда біз 5 күн концерт жасауға ұмтылған жоқпыз, 5 жоба жасауға ұмтылдық былайша айтқанда. Сол жасқа таяған сәтте мен «АБК» тобын құрып үлгердім. «Ұлытау» тобын құру алдағы жоспарымда бар еді», – дейді Қыдырәлі Болманов.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Алғаш рет қызын көрсеткен Қарақат Әбілдина дүйім жұртты сүйсіндірді

Нұржанды “Капкарашка” есімінен бас тартуға мәжбүрлеген кім?

Өнердегі әріптестері Төреғалидың концертін сынап тастады

Лидия Каденованың келіні жас әншімен көңіл қосқан ба? (видео)

“Өмір шындығы”: Баян Мақсатқызы Қайраттың фильміне қатысты пікір білдірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар