Алғаш рет қызын көрсеткен Қарақат Әбілдина дүйім жұртты сүйсіндірді

Дүйсенбі, 16 Қазан , 2017 11:46

Жылдар бойы қызды болуды армандап, діттегеніне жеткен Қарақат Әбілдина тыңдармандарын қуантып қойды. Әнші алғаш рет қызы Аяланы халыққа көрсетті, деп жазады Stan.kz.

Бесінші перзентімен түскен суретін желіге жүктеген Қарақат оған деген махаббатын өлеңмен өрнектеді. Аялаға арналған жыр жолдарын арнайы тапсырыспен ақын Айнұр Тұрсынбаева жазып берген.

“Өмірдің жолы тайғанақ..
Бала жоқ жерде қайда бақ..?!
Бір елік күттім елеңдеп,
Төрт тұлпарымды сайлап ап…
Әкесі күтті алаңдап,
Келсе деп ару ай қабақ…
Алладан медет сұрап ем,
Ақ жаулығымды байлап ап…
Аялам келді өмірге,
Алланың нұры аймалап….! ©Айнұр Тұрсынбаева
Бөпемнің ең алғашқы әй-әй көйлегін апасы тігіп берді”, – деп жазды Қарақат желідегі парақшасында.

Желі оқырмандары Болмановтар отбасының ханшайымына ақ тілектерін аямай жаудырды.

“Құдай-ау, тәттім-ау. Тфай-тфай анасындай парасатты жан болсын! Ел анасы болсын”, “Аяла атына сай əдемі, сүйкімді қыз болсын. Сізден өнеге алған қызыңыз бақытты болады. Тіл көзден сақтасын. Отбасыларыңызға Алла тек бақытты нəсіп етсін”, “Қандай әдемі”, “Томпақ қыз, тфай-тфай”, “Сары балапан”, – деп сүйсінді желідегілер.

Жіберіп алмаңыз:

Гүлзира Айдарбекова Қайраттың енесі жайлы айтып берді

Нұржанды “Капкарашка” есімінен бас тартуға мәжбүрлеген кім?

“Өмір шындығы”: Баян Мақсатқызы Қайраттың фильміне қатысты пікір білдірді

Жұлдыз Әбдікерімованың әкесі алғаш рет қызының өмірі жайлы сұхбат берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.01.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар