Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова: Туған сіңлім не қызым болмағандықтан, немерелерімнің есімін өзім қойдым (видео)

Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың ән кешінде немерелерін таныстырып, өнерлерін де көрсетті. Ендігі продюсер немерелері туралы бар ойын жасырмай айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Продюсер Instagram желісіндегі парақшасында немерелері туралы сөз етті. Айтуынша, тұңғыш немересі Сезім атасының, ал Алау өзінің қызы екен.

«Негізі, ең үлкен немереміз Сезім – атасының қызы. Бірақ есімін Сезім деп өзім қойып едім. Бала атына қарап өседі дегендей, өте сезімтал, нәзік болып өсіп келеді. Ал екінші немереміз Алау – менің жеке меншік қызым. Оған ешкімнің таласы болған емес. Туыла салысымен бауырыма басып, жұрттың жанарын қарып кететіндей, көзінен нұр шашып, жалындап тұрған қыз болып өссін деп, есімін Алау қойдым. Қыз бала арманым болып, не туған сіңілім не қызым болмағандықтан, есімдерін өзім қойғанымда да, «қыз бала арманы еді ғой» деп, ешбірі қарсы келмей, қуанышыма отбасым түгел бірге қуанды. Бәрінің таң қалатыны, осы қызымның бойындағы мінезін, қимылын, әрбір қылығына дейін, бәрі аумаған Гүлзира апасы дейтіндері рас. Өзім де көбіне қылығына қарап, өзімнің титтей кезімдегі қылығымды айнадан көргендей сезімде боламын», – дейді продюсер.

Сондай-ақ, Айдарбекова немересі Сезімнің әкесінің ән кешіне дайындық сәтінен видео жариялады.

 

Негізі, ең үлкен немереміз, Сезім атасының қызы.Бірақ есімін Сезім деп өзім қойып едім, бала атына қарап өседі дегендей, өте сезімтал, нәзік болып өсіп келеді. Ал 2-ші немереміз Алау, менің жеке меншік қызым. Оған ешкімнің таласы болған емес. Туыла салысымен бауырыма басып, жұрттың жанарын қарып кететіндей, көзінен нұр шашып, жалындап тұрған қыз болып өссін деп, есімін Алау қойдым. Қыз бала арманым болып, не туған сіңілім не қызым болмағандықтан, есімдерін өзім қойғанымда да, қыз бала арманы еді ғой деп, ешбірі қарсы келмей, қуанышыма отбасым түгел бірге қуанды. Бәрінің таң қалатыны, осы қызымның бойындағы мінезін, қимылын, әрбір қылығына дейін, бәрі аумаған Гүлзира апасы дейтіндері рас. Өзімде, көбіне қылығына қарап, өзімнің титтей кезімдегі қылығымды айнадан көргендей сезімде боламын. Мінекей сол Алау қызымның ертеңгі концертімізге дайындығы үстіндегі сәттен. Әкесінің концертіне үлес қосу үшін, шын ниеттерімен талпынып жатыр,құлынымның құлындары сол 😊❤️Алла, балапандарыма ұзақ әрі мәнді өмір берсін! Байқап қарасаңыздар, жасыл шалбардағы, менің Алауым

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Сонымен қатар Гүлзира Айдарбекова немересі Сезімнің атына заты сай, сезімтал, жүрегі мейірімге толы, адал қыз болып өсіп келе жатқанын айтты.

«Сезім туылған кезде Нәзік, не болмаса Нәзігім деп ат қойғым келген. Бірақ, сонымен кім қоятын болдық деген кезде, бірден Сезім деген есім ойыма келді. Сезімтал, жүрегі мейірімге толы, адал қыз болсыншы деп ниеттендім. Шынында Сезім сезімтал болып өсіп келеді. Бір сөзді екі рет айқызбай, бәрін орындауға тырысады. Өте уайымшыл, жүрегі нәзік. Астанадағы концертімізде әкесінің абыройын ойлап уайымдады ма білмеймін, саxнаға алғаш қадам басып шығар алдында, толқып үнсіз жылап алды. «Сезім, сен дайынсын ба?» – деген кезімде, көзінің жасын сүртті. Мені уайымдап қалмасын дегендей: «Иә, апа», – деп күлімдеп қарап, саxнаға қарап аяқ басты. Бұрын Қайратты уайымдап толқушы едім, немере деген қанттан шыққан бал екен», – деп жазды Гүлзира Айдарбекқызы.

 

Алдыңғы посттарымда өзімнің жеке меншік қызым, Алауым жайлы жазып едім. Енді атасының жеке қызы Сезім жайлы айта кетейін. Сезім туылған кезде, Нәзік не болмаса Нәзігім деп ат қойғым келген. Бірақ, сонымен кім қоятын болдық деген кезде, бірден Сезім деген есім ойыма келді. Сезімтал, жүрегі мейірімге толы адал қыз болсыншы деп ниеттендім. Шынында Сезім сезімтал болып өсіп келеді. Бір сөзді екі рет айқызбай бәрін орындауға тырысады. Өте уайымшыл, жүрегі нәзік. Астанадағы концертімізде әкесінің абыройын ойлап уайымдады ма білмеймін, саxнаға алғаш қадам басып шығар алдында, толқып үнсіз жылап алды. Сезім сен дайынсын ба деген кезімде, көзінің жасын сүртіп, мені уайымдап қалмасын дегендей, ия апа деп күлімдеп қарап саxнаға қарап аяқ басты. Бұрын Қайратты уайымдап толқушы едім, немере деген қанттан шыққан мёд екен. Ұлыма да, немерелеріме де, ертеңгі концертімізге сәттілік тілеймін! Алла абырой берсін!😍👍😘✊😘😘😘

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Оқи отырыңыз:

Нұржан Керменбаев Төреғали Төреәлі үшін халықтан кешірім сұрады

Ресейлік танымал актриса Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болғанын мойындады

Қазақша таза сөйлеген Айсәуле Бақытбек неліктен тұрмысқа шығуға асықпайтынын айтты (видео)

Қазақстандық киносыншылар 2017 жылдың ең үздік фильмін атады

Талқылау