Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүл және алмаз қыры секілді: Елбасы Астанадағы жаңа мешітке барып қайтты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мұсылмандардың қасиетті Рамазан айының қарсаңында Астанада жаңадан бой көтерген «Сарыарқа» мешітіне барып қайтты.

Гүл және алмаз қыры: Елбасы Астанадағы жаңа мешітке барды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қазақстан Президентіне мешіттің құрылысы және ғимаратты электр және жылумен қамтамасыз ету үшін қолданылған баламалы энергия көздері туралы  толық ақпарат берілді.

Гүл және алмаз қыры секілді: Елбасы Астанадағы жаңа мешітке барып қайтты

Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан мешіттің құрылысы 2016 жылы басталды. Жаңа мешіт қайырымдылық қаражаты есебінен салынған болатын. Мешіт ғимараты дәстүрлі өрнектер мен сәндік элементтерді қамтып, постмодернизм стилінде жасалды. Негізгі ғимарат күрделі, әрі жартылай сфералық нысанды елестетеді. Оның қабырғалары үшбұрыштана сүйірленіп, диаметрі 26 метрлік күмбезбен жалғасқан.

Гүл және алмаз қыры секілді: Елбасы Астанадағы жаңа мешітке барып қайтты

Сырттай қарағанда мешіт дизайны гүлге және алмаздың қыры сияқты болып көрінеді. Сонымен қатар, мешіттің басты ғимаратының солтүстік жағында орналасқан мұнараның биіктігі 43,5 метрді құрайды және ол «қасиетті қылқалам» бейнесінде жасалған.

Гүл және алмаз қыры секілді: Елбасы Астанадағы жаңа мешітке барып қайтты

Жаңа мешітті энергиямен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын баламалы көздер қажетті көлемнен үш есе көп электр энергиясын өндіреді. Сондай-ақ, ерекше әдіспен бой көтерген жаңа мешіт 750 адамға арналған екен. Мешіттің ауданы 2248 шаршы метрді құраса, учаскенің алаңы 1,44 гектар болады.

Гүл және алмаз қыры секілді: Елбасы Астанадағы жаңа мешітке барып қайтты

Тағы оқыңыз: 

Енді Қазақстаннан ақша алып шығу қиын болмақ

Тоқтар Әубәкіров 40 жылдан аса отасқан орыс келіншегі туралы айтты

5 қызы бар: Шымкент тұрғыны ұл тумағаны үшін келіншегін тастап кеткен

Павлодарда биіктігі үш метр сәукеле мен алты метрлік қамшы жасалды

Талқылау