Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы алғашқы матчта тең түсті

Қазақстан құрамасы футзалдан Ташкентте басталған әлем чемпионатындағы алғашқы матчын өткізіп, тең тарқасты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Getty Images

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында D тобында Испаниямен кездесіп, 1:1 есебімен тең тарқасты. Ойынның 5-секундында Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Біржан Оразов есепті ашып, ең жылдам голдың авторы атанды.  Бірақ ойынның 17-минутында Испания құрамасының ойыншысы Хесус Гордильо есепті теңестіріп кетті. Осылайша қос құрама бір-біріне ала алмай, тең тарқасты. Енді Қазақстан құрамасы D тобында Ливиямен 18 қыркүйек және Жаңа Зеландиямен 21 қыркүйек күні кездесу өткізеді. Плей-офф кезеңіне топта үздік атанған 2 құрама тікелей жолдама алады.

Айта кетейік, Әр топта үшінші орын алған құрамалар арасында үздік атанған 4 команда да плей-офф кезеңіне шығады. Ташкентегі әлем чемпионаты 6 қазанға дейін жалғасады. 

Талқылау