Футзалдан әлем чемпионаты: Бүгін Қазақстан мен Португалия сайысқа түседі
Бүгін футзалдан әлем чемпионатының 1/2 финалы аясында Қазақстан Португалиямен кездеседі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Qazsport арнасына сілтеме жасап.

Сурет: Qazsporttv.kz
Португалия құрамасы – соңғы Еуропа чемпионатының жеңімпазы. 2016 жылғы әлем чемпионатында төртінші орынды иеленді.
Португалия мен Қазақстан құрамалары өзара екі рет кездескен. 2000 жылғы әлем чемпионатында 6:2 есебімен Португалия жеңіске жетсе, 2015 жылы Еуропа біріншілігінің іріктеу турнирі аясында өткен ойында 3:1 есебімен Қазақстан басым түсті.
Құрамалардың көшбасшыларына келер болсақ, Португалияның капитаны Рикардиньо – әлемнің алты дүркін үздік ойыншысы. Біздің капитанымыз Лео Игита – бес мәрте әлемнің үздік қақпашысы атанған.
"Qazsport" телеарнасындағы Португалия – Қазақстан кездесуінің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 22:50-де басталады.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"