Футболшы сұхбат кезінде байқамай әйелі мен көңілдесіне қатар алғыс айтты
Футболшы сұхбат барысында жаңылып екі бірдей сүйіктісіне алғыс айтып жіберді. Артынша кешірім сұрап, өзінің туған қызына алғыс айтпақ болғанын меңзеді.
Оңтүстік Африка футболшысы Мұхаммед Анас телевидениеге берген сұхбатында байқамай әйелі мен көңілдесіне қатар алғыс айтты. Артынша «қызым» деп туған қызын айтып отырғанын меңзеді. «Аякспен» болған ойыннан кейін оны матчтың ең үздік ойыншысы ретінде марапаттаған болатын. Ал аталған ойын 2:2 есебімен аяқталған-ды.
«Әйелім мен сүйіктіме алғыс айтамын. Яғни өзімнің әйеліме. Кешіріңіздер! Әйелім, мен сені қатты жақсы көремін», – деді ол сұхбат кезінде. Мұхаммедтің айтуынша, оның әйелімен отасқанына 7 жылдан асқан. Оның екі баласы бар екен.
Жіберіп алмаңыз:
Абель Санчес: Головкин – машина емес
Головкин қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады
Талқылау