Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдан УЕФА Конференция лигасының 1/8 финалдық ойындары аяқталды

Бейсенбіден жұмаға қараған түні футболдан УЕФА Конференция лигасының 1/8 финалдық ойындары өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz

Еуропаның 16 командасы ширек финалға берілетін 8 жолдама үшін жауапты кездесулерін өткізді. Конференция лигасының осы маусымдағы басты фавориті, ағылшындық “Челси” өз алаңында даниялық “Копенгагенді” қабылдады. Айта кетейік, лондондық клуб топтық кезеңде 6 ойынның барлығын жеңіп, толықтай 18 ұпайға иелік еткен жалғыз команда.

Алғашқы матчта 2:1 есебімен жеңген ағылшындар жауапты кездесудің бірінші таймында қарсылас қақпасына бірде-бір соққы жасай алмады. Екінші кезеңнің 55-минутында “Челси” жартылай қорғаушысы Кирнан Дьюсбери-Холл матчтағы жалғыз голдың авторы атанды. Екі ойын қорытындысы бойынша 3:1 есебімен жеңген лондондық команда жарыстың ширек финалына жолдама алды.

Турнирдің 1/8 финалында өнер көрсеткен командалардың нәтижелері төмендегідей:

“Витория Гимарайнш” (Португалия) – “Реал Бетис” (Испания) – 0:4 (алғашқы ойын 2:2)

“Ягеллония” (Польша) – “Серкль Брюгге” (Бельгия) – 3:0 (алғашқы ойын 0:2)

“Лугано” (Швейцария) – “Целе” (Словения) – 5:5 пенальтилер сериясы бойынша ( алғашқы ойын 1:1)

“Фиорентина” (Италия) – Панатинаикос (Грекия) – 3:1 (алғашқы ойын 2:3)

“Легия” (Польша) – “Мольде” (Норвегия) – 2:0 (алғашқы ойын 2:3)

“Юргорден” (Швеция) – “Пафос” (КИПР) – 3:0 (алғашқы ойын 0:1)

“Рапид СК” (Австрия) – “Борац Баня Лука” (Босния және Герцеговина) – 2:1 (алғашқы ойын 1:1)

Бұған дейін, футболдан Еуропа лигасында ширек финалға жолдама алған командалар жайлы жазған едік.

Талқылау