Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы ЕУРО-2027 іріктеуіндегі қарсыластарын біледі

6 ақпанда футболдан Қазақстан құрамасы 2027 жылы өтетін жастар арасында Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі қарсыластарын біледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: kff.kz

Іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі Швейцарияның Ньон қаласында өтеді.

Қазақстан U21 құрамасы нәтижелеріне байланысты 5-себетте орналасқан. Бұл себетте Белорусия, Черногория, Босния және Герцеговина, Кипр, Латвия, Литва, Әзірбайжан және Люксембург бар.

Еуропаның 53 құрамасы 6 себетке бөлінген. Финалдық кезеңде үздік 16 команда өнер көрсетеді. Албания мен Сербия алаң иелері ретінде жарысқа тікелей жолдамаға ие болады.

Өзге себеттерде командалар төмендегідей:

1-себет: Испания, Англия, Португалия, Нидерланд, Германия, Франция, Украина, Италия, Дания.

2-себет: Румыния, Швейцария, Хорватия, Чехия, Польша, Норвегия, Бельгия, Грузия, Ирландия.

3-себет: Словения, Финляндия, Швеция, Аустрия, Словакия, Грекия, Исландия, Мажарстан, Болгария.

4-себет: Шотландия, Уэльс, Израиль, Солтүстік Македония, Түркия, Косово, Солтүстік Ирландия, Фарер аралдары, Молдова.

6-себет: Эстония, Мальта, Армения, Андорра, Гибралтар, Сан Марино.

 

Талқылау