Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Еуро-2025 іріктеу турнирінде Шотландияны жеңді

Футболдан Қазақстанның жастар құрамасы (U-21) Еуро-2025 турнирінің іріктеу матчында өз алаңында жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҚФФ

Алматының Орталық стадионында өткен кездесуде Қазақстан құрамасы Шотландиядан 3:2 есебімен басым түсті. Матчтағы есепті Қазақстан құрамасының ойыншысы Айбар Абдулла (30-минут) ашты. Ойынның 60-минутында Шотландия құрамасы сапынан Леннон Миллер көзге түсіп, есепті теңестіріп кетті. Алайда араға 4 минут салып шотландиялық футболшы Дэйн Мюррей қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Ойынның 66-минутында Әділбек Жұмахановтың соққан пенальтиінің арқасында Қазақстан құрамасы есепте алға шықты. Ал 74-минутта Ян Труфанов Шотландия қақпасына үшінші голды соқты. Дегенмен Джереми Мюллен шотландиялықтардың екінші голын соғып, есепті қысқартты.

Айта кетейік, наурыз айында Шотландияда болған бірінші ойында Қазақстан құрамасы 1:4 есебімен жеңілген еді. Осылайша іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Шотландия құрамасы 16 ұпай жинап, бұл топта үшінші орынға жайғасты. Ал Қазақстан құрамасы 9 ұпаймен бесінші орынды місе тұтты. Қос құрама да Еуро-2025 турниріне жолдама ала алмады. 

Талқылау