Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын польшалық бапкер басқармақ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасына бас бапкерлік қызметке Поляк елінің өкілі Михал Пробеж келуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Kanalsportowy.pl басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Журналист Матеуш Боректің сөзінше, Польша құрамасының бас бапкері Қазақстан құрамасын жаттықтыруға өзі келісім берген. “Польшаның бұрынғы бас бапкері Михал Пробеж Қазақстан футбол федерациясымен келісімге келді. Ресми мәлімдеме жақын күндері жарияланады, бірақ келісімшарттың толық шарттары әзірге белгісіз”, – дейді журналист Матеуш Борек YouTube-тағы Moc Futbolu бағдарламасына берген сұхбатында.
Еске салсақ, бұған дейін Ұлттық құрамаға Әли Әлиев бапкерлік еткен еді. Алайда ол Бельгияға қарсы ойында Қазақстан 5:0 есебімен жеңілген соң, отставкаға кетті.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"

