Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері өмірден өтті


Борис ПодкорытовФото:sport.akipress.org

Танымал қырғызстандық бапкер Борис Подкорытов 78 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Борис Подкорытов қазақ жанкүйерлеріне де жақын таныс. 

Ол Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлік штабында еңбек етіп, Құрбан Бердыев және Серік Бердалин сынды мамандармен бірге жұмыс істеді.

Сонымен қатар, Қазақстанның бірқатар клубтарын жаттықтырған. Олардың қатарында “Қайнар”, “Астана” және “Жетісу” клубтары бар.

2005 жылы ол Қазақстан чемпионатына қайта оралып, Талдықорғанның "Жетісу" клубының бас бапкері қызметін атқарды. Алайда денсаулығына байланысты бұл кезең ұзаққа созылған жоқ.

Кейін ол кәсіби жолын Қырғызстанда жалғастырып, елдің ең беделді клубтарының бірі Дордой-Динамо тізгінін ұстады. Ол 2006 жылы Қырғызстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды.

Бұған қоса 2008 жылы "Дордой" клубының бас директоры қызметіне кірісіп, 2011 жылы ұлттық құрамада жаттықтырушы-кеңесші ретінде еңбек етті.

Подкорытов бапкерлік мансабында бірнеше мәрте "Жылдың үздік бапкері" атанып, Орталық Азия футболындағы беделді мамандардың біріне айналды.

 

Ақерке Өмірхан
Сәрсенбі, 04 Наурыз, 2026 14:06