Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкерлігіне Станимир Стоилов келуі мүмкін
Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкерлігіне болгариялық маман Станимир Стоиловты қайта шақыруы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі өзбекстандық “Ферғана” басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл ақпаратты агент Кова Тилавпур жеткізді. Журналист қазір Түркияда қызметте жүр. Ал Станимир Стоиловта қазір түркиялық “Газтепе” футбол клубында бас бапкер қызметін атқарып жатыр. Түркия Суперлигасында измирлік команда 22 ойыннан кейін 35 ұпай жинап, кестеде бесінші орында келеді.
"Стоиловқа Қазақстан құрамасы айтарлықтай қызығушылық танытып отыр. Қазір ол Түркияның "Гёзтепе" клубында жұмыс істеп жатыр, бірақ барлық ұсынысты қарастырып жатыр. Білгенімше, қаржылық тұрғыдан тиімді ұсыныс болуы мүмкін", – деді Тилавпур.
Өзбекстандық басылымның қосымша мәліметінше, болгариялық маманмен келіссөзді Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Саян Хамитжанов жүргізіп жатыр. Айта кетейік, бұл екі маман “Астана” футбол клубында бірге қызмет атқарған еді.
Станимир Стоилов бұған дейін 2018–2019 жылдар арасында Қазақстан құрамасының бас бапкері болған. Болгариялық маманның жетекшілігімен ұлттық құрама 9 ойын өткізіп, 3 рет жеңіске жетті, 3 рет тең ойнап, 3 матчта жеңіліс тапқан. Стоилов Ұлттар лигасы жарысында Қазақстанды топтан шығара алмаған еді.
Сондай-ақ Станимир “Астана” футбол клубының 2014–2018 жылдары бас бапкері қызметін атқарды.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді

