Футболдан Қазақстан Кубогының жеребе тарту рәсімі өтті
Футболдан 2025 жылғы Қазақстан Кубогының жеребе тарту рәсімі өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ПФЛК
Қазақстан Кубогы ережесі бойынша жарыс екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңге бірінші және екінші лигадағы клубтар қатысады. Бірінші іріктеу кезеңі 15-23 наурыз аралығында Алматы қаласында өтеді. 16 команда екі топқа бөлініп “Хан-Тәңірі” және Эстафий Пехлеваниди академиясының стадиондарында ойнайды. Жеребе қорытындысы бойынша клубтар Қазақстан Кубогының 1/8 финалға жолдама алу үшін бақ сынайды.
Олай болса, алғашқы кезеңдегі жеребе нәтижесі төмендегідей:
1 топ
"Тараз" – "Талас"
"Хан-Тенгри" – "Арыс"
"Алтай" – "Жетісай"
"Екібастұз" – "Мақтаарал"
2 топ
"Ертіс" – "Шахтер"
"Түркістан" – "SD Family"
"Жас Қыран" – AKAS
"Каспий" – "Оңтүстік"
Ойын нәтижесінде әр топтың жеңімпаздары 1/8 финалға өтеді. Жарыстың екінші кезеңінде 2025 жылы Премьер лигада өнер көрсететін 14 команда қосылады.
Ендеше, 1/8 финалдың екінші кезеңіндегі жеребе нәтижесі:
"Қызылжар" – "Қайсар"
"Ұлытау" – "Елім-ай"
Алғашқы кезең жеңімпазы – "Ордабасы"
"Қайрат" – Алғашқы кезең жеңімпазы
"Тұран" – "Атырау"
"Тобыл" – "Жетісу"
"Жеңіс" – "Ақтөбе"
"Оқжетпес" – "Астана"
Айта кетейік, 1/8 финал матчтары сәуір айының 12-13 күндері өтеді.
Еске салайық, Қазақстан Кубогының жеңімпазы келесі жылы өтетін УЕФА Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде еліміздің атынан өнер көрсетуге жолдама алады.