Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдан Хорватия чемпионатында жеңіске жеткен командаға кубокты тікұшақпен жеткізді

Фото: Sports.ru

Хорватия футбол федерациясы ішкі біріншілікті жеңген команданың стадионына кубокты тікұшақ арқылы жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2024/25 жылғы футбол маусымында Хорватия чемпионатының (SuperSport HNL) жеңімпазы Риека клубы атанды. Бұл — клуб тарихындағы екінші чемпиондық атақ.

Маусым соңындағы шешуші тур алдында бірден бірнеше клуб — "Риека", "Динамо Загреб" және "Хайдук" чемпиондық атақ үшін күресті. Жеңімпазға чемпиондық кубокты ойын біткен бойда табыстау үшін Хорватия футбол федерациясы (HNS) арнайы екі жоспар әзірледі:

Чемпиондық кубок Госпич қаласына жақын Макола демалыс аймағында дайын тұрды. Ол жерден кубокты нәтижеге байланысты Риекаға, Загребке немесе Шибеникке жедел жеткізу жоспарланды.

Федерация президенті Мариан Кустич пен делегациясы Босильево аймағында — Загреб, Шибеник және Риеканы байланыстыратын автожол қиылысында күтуге шешім қабылдады. Бұл жерден олар кубокты тиісті қалаға тез жеткізуге мүмкіндік алды.

Фото: скрин видео

Нәтижесінде, "Риека" мен "Динамо Загреб" маусымды бірдей ұпай және доп айырмашылығымен аяқтады. Алайда, өзара ойындардағы артықшылықтың арқасында "Риека" чемпион атанды. Осылайша президент Кустич “Риекаға” чемпиондық кубокты тікұшақ арқылы жеткізді.

Бұл жеңіс "Риека" үшін үлкен жетістік болып, "Динамо Загребтің" ұлттық біріншіліктегі ұзақ жылдық үстемдігін үзді.

Абылайхан Палмағанбет
Дүйсенбі, 26 Мамыр, 2025 17:18
Талқылау