Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футболдан Еуропа лигасының ширек финалына шыққан командалар анықталды

УЕФА Еуропа лигасының 1/8 финал ойындарының жауапты кездесулері өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Stan.kz

Топтық кезеңде плей-офф ойындарына тікелей жолдама алған 8 команда жауапты кездесулерді өз алаңында өткізді. Ширек финалға алғашқы болып испандық “Атлетик Бильбао” клубы жолдама алды. Бірінші ойында италиялық “Ромадан” қонақта 2:1 есебімен жеңілген команда “Сан Мамес” стадионында өткен ойында 3:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл матчта Клаудио Раньери шәкірттерінен қорғаушы Матс Хуммельс ойынның 11-минутында қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Осылайша, қос ойын нәтижесі бойынша “Атлетик” ширек финалға жолдама алды.

1/8 финалға тікелей жолдама алған сегіз команданың жетеуі келесі кезеңге өтті. Тек грекиялық “Олимпиакос” жарыс жолын ерте аяқтады.

Өзге ойындар нәтижесі төмендегідей:

“Олимпиакос” (Грекия) – “Буде/Глимт” (Норвегия) – 2:1 (алғашқы ойын 0:3)

“Лацио” (Италия) – “Виктория Пльзень” (Чехия) – 1:1 (алғашқы ойын 2:1)

“Айнтрахт Франкфурт” (Германия) – “Аякс” (Голландия) – 4:1 (алғашқы ойын 2:1)

“Манчестер Юнайтед” (Англия) – “Реал Сосьедад” (Испания) – 4:1 (алғашқы ойын 1:1)

“Тоттенхэм Хотспур” (Англия) – “АЗ Алкмар” (Голландия) – 3:1 (алғашқы ойын 0:1)

“Олимпик Лион” (Франция) – ФКСБ (Румыния) – 4:0 (алғашқы ойын 3:1)

“Рейнджерс” (Шотландия) – Фенербахче (Түркия) – 1:2 (алғашқы ойын 3:1)

Олай болса, ширек финалда өнер көрсететін командалар: “Атлетик Бильбао” (Испания), “Буде/Глимт” (Норвегия), “Лацио” (Италия), “Айнтрахт Франкфурт” (Германия), “Манчестер Юнайтед” (Англия), “Тоттенхэм Хотспур” (Англия), “Олимпик Лион” (Франция), “Рейнджерс” (Шотландия)

Талқылау