Футбол әлемінде ерекше оқиға: “Арсенал” егіз футболшыларды қатарына қосты
Фото: Getty Images
Лондондық “Арсенал” клубы ерекше трансферді жүзеге асырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Арсенал” небәрі 16 жастағы Эдвин мен Хольгер Кинтеро атты егіздерді “Индепендьенте дель Валье” командасынан сатып алды.
Келісім ресми түрде 2027 жылдың тамызында күшіне енеді. Яғни сол уақытта егіздер 18 жасқа толғанда ресми түрде іске асады.
Эдвин оң қанатта ойнайтын шабуылшы. Жылдам әрі шапшаң икемді, ұзақ қашықтыққа жүгіре алады. Ал Хольгер орталық алаңдағы шабуылшы. Оның дриблинг пен жылдамдығы өте жоғары. Кейде тіпті оны Дембеле мен Неймарға ұқсататындар бар.
Екі егіз де Неймарды үлгі тұтатын көрінеді.
Олар соңғы рет Оңтүстік Америка U17 чемпионатында Колумбия құрамасында доп тепті. Сол жерде олар өздерінің қырағы ойынымен скауттардың назарын аударды.
Айта кетейік, “Арсенал” үшін бұл үлкен табысты әрі тиімді келісімшарт болмақ.
Егіздер 2027 жылы клубқа қосылғанға дейін “Индепендьенте дель Валье” академиясында болады. Оларды “Арсенал” тұрақты түрде қадағалап отырмақ.
Астанада тіс емдеу кезінде көз жұмған 3 жасар қыздың өлімі: Сотта жаңа күмәндер мен сараптамалық қайшылықтар туындады