Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футбол әлемі қара жамылды: Атақты қақпашы дүниеден өтті

қақпашыФото: Getty images

Италия футболының аңызға айналған қақпашысы, "Милан" мен "Интердің" бұрынғы ойыншысы Лоренцо Буффон 97 жасында өмірден өтті. Ол аяқ астынан жүрек талмасынан көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Буффон 1949–1959 жылдары "Милан", 1960–1963 жылдары "Интер" сапында өнер көрсетіп, мансабы барысында Серия A-да жалпы 365 матч өткізді.

Сонымен қатар, ол "Дженоа" мен "Фиорентина" клубтарының да намысын қорғаған. Итальян футболының тарихында Буффон бес рет Серия A чемпионы атанған санаулы қақпашылардың бірі ретінде қалды.

Ұлттық құрамадағы карьерасы

Лоренцо Буффон 1958–1962 жылдары Италия құрамасында 15 матч өткізіп,
1962 жылғы Чилидегі әлем чемпионатында команданың негізгі қақпашысы әрі капитаны болды. Ол турнирде екі ойынды "құрғақ" өткізіп, Батыс Германия (0:0) және Швейцарияға (3:0) қарсы сенімді ойын көрсетті –  бұл оның құрамадағы соңғы кездесулері болды.

Қақпашының ойын мәнері

Атлетикалық қабілетімен, мінсіз позиция таңдауымен және сенімді реакциясымен танылған Буффон "Лоренцо Ил Магнифико" ("Ұлы Лоренцо") лақап атын алған. Ол қақпа сызығында өте сенімді ойнағанымен, айып алаңынан шығып ойнауда сәл әлсіздеу болатын. Кей кездері тұрақсыздығы сынға ілінгенімен, оның шеберлігі мен харизмасы итальян футболында өшпес із қалдырды.

Клубтық жетістіктері
    •    "Миланмен" бірге төрт Серия A титулы,
    •    екі Латын кубогы,
    •    Еуропа кубогының бір финалы және бір жартылай финалы,
    •    "Интермен" бірге тағы бір Серия A чемпионы атағы.

"Милан" сапында 300 матчқа шығып, клуб тарихындағы ең көп ойын өткізген төрт қақпашының қатарына кірді.

Ақерке Өмірхан
Сәрсенбі, 26 Қараша, 2025 11:41
Талқылау