Фристайлшы Анастасия Городко 19 жасында әлем чемпионатында жүлдеге ілікті
Фристайл-могулдан әлем чемпионатында қазақстандық Анастасия Городко қола жүлдені жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: olympic.kz
Швейцарияның Энгадин аймағында өтіп жатқан байрақты бәсекеде отандасымыз параллель могулда сәтті өнер көрсетті.
Жартылай финалда жеңіліс тапқан Городко қола медаль үшін өткен жарыста америкалық Кайли Кариотистен басым түсті.
Алтын мен күміс жүлдені де АҚШ спортшылары ұтты. Джаелин Кауф чемпион атанса, Тесс Джонсон күміс медальды жеңіп алды.
- Фристайлшы Анастасия Городко Әлем кубогының күміс жүлдесін иеленді
- Универсиада-2025. Фристайлшы Анастасия Городко ел қоржынына екінші алтын медальді салды
Анастасия Городко мансабында екінші рет ересектер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Бұған дейін, отандасымыз 2021 жылы небәрі 15 жасында алғашқы қола жүлдесін жеңіп алған еді.
Айта кетейік, бұл дисциплина 2026 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілген.
Талқылау