Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Француздың атышулы журналы карикатура жасап тағы әлемді дүрліктірді

Бұған дейін де ерсі әрекетімен танылған «Charlie Hebdo» басылымы бұл жолы «Бұл – құдайдың жазасы» деп өлгендерді әжуәлаған.

24290831

Техаста суға кетіп өлгендерді суретке салып, оны бірінші бетіне басқан сатиралық журнал тағы да осылай көпшіліктің ашу-ызасын тудырды. Одан қалды, карикатураға «Құдай бар! Ол Техастағы барлық әсіре ұлтшылдарды суға батырып өлтірді» деп жазып келемеждепті. Ол аздай, марқұмдарға фашистердің жалауын ұстатып қойған. Осылайша, сатиралық басылым дауылдың салдарынан саяси астар іздепті.

Естеріңізге салсақ, осы «Charlie Hebdo» бұған дейін де талай мәрте келемеж суреттер шығарып, сол үшін де сазайын тартқан. Журналдың Мұхаммед пайғамбарға жасаған карикатурасынан кейін, редакцияға қарулы шабуыл жасалып, 10 журналист көз жұмған болатын.

Тағы да оқыңыз:

Махаббаттың залалы: Түркияның танымал актері ашынасының қолынан қаза тапты (фото)

Анасы азаптан құтқару үшін 7 жасар ауру қызын өлтіріп тастады

Өлетінін сезген азамат желіде жазба қалдырып, артынша ажал құшқан

Талқылау