Францияда президентке ортаңғы саусағын көрсеткен зейнеткер жарты жылға қамалуы мүмкін
Францияда президент Эммануель Макронға ортаңғы саусағын көрсеткен зейнеткер жарты жылға қамалуы мүмкін.
Сурет: AFP 2018 / Vincent Kessler
Бұл туралы РИА Новости басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
18 сәуірде Францияда полицейлер 61 жастағы зейнеткерді ұстады.
«Республика президенті Эммануель Макронның Сен-Дье-де-Вож қаласына сапарында зейнеткер оған ортаңғы саусағын көрсеткен», – деп жазады Vosges Matin жергілікті басылымы.
Зейнеткер өз кінәсін мойындады. Ол «Мемлекеттік билік өкілін қорлау» бабы бойынша 6 айға дейін қамауға алынуы және 7,5 мың еуро (3 миллион теңгеден аса) көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.
28 мамырда аталған іске қатысты сот отырысы өтеді.
Оқи отырыңыз:
Қауіпті шаш үлгісі: Шаштараз «баланы қорлағаны» үшін түрмеге жабылды
Кемеровода сауда орталығындағы өрттен қаза тапқандардың барлығының тұлғасы анықталды
Балғамен ұрып, қышқыл төккен: 22 жастағы бойжеткен сүйіктісін 9 ай бойы құлдықта ұстап келген
Бір топ адам қыз зорлады деп күдіктелген 20 жастағы жігітті қолтырауынның аузына тастады