Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Францияда мектептерде оқушыларға телефонды күні бойы ұстауға тыйым салынбақ

Францияда колледж студенттері қыркүйектен бастап телефондарын таңертең өтсізіп, сабақ аяқталған соң алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Loïc Venance/AFP/Getty Images

Францияның білім министрі бүкіл елдегі мектептер "цифрлық үзіліске" өтуі керегін айтты. Оның сөзінше, мақсат – балалардың денсаулығы мен оқу үлгерімін сақтау. 

"Экранның зиян екенін балаларға түсіндіру үшін шара қолдану қажет", – деді Габриэль Атталь.

2018 жылдан бастап Францияда колледждерде телефондарды пайдалануға тыйым салынды. Білім алушылар құрылғыларды өшіріп, рюкзакқа салу керек. Телефонды үзіліс кезінде де пайдалануға болмайды. Мектеп билігі бұл шараны одан әрі қатаңдатпақ. Енді студенттер құрылғыны күні бойы ұстамауы мүмкін. 



Жаңа схема жүздеген мектептерде сынақтан өтті. Студенттер телефонын қораптарға немесе мектептен шыққанда ғана ашуға болатын арнайы қаптарға салады. Министрдің айтуынша, бұл тәсіл өзінің тиімділігін дәлелдеді.  

“Мектептерде буллинг азайды, балалар бір-бірімен араласып, көп қозғалады. Зейінін сабаққа аударып жатыр. Ата-аналар да, мұғалімдер де қолдау білдіріп отыр”, – дейді министр. 

Мектеп уақытында телефонды пайдалану мәселесін ғалымдар да көтерген еді. Олар 13 жасқа толмаған балаларға смартфондарға, ал 18 жасқа толмаған балаларға TikTok және Instagram сияқты әлеуметтік желілерге кіруге тыйым салуды ұсынды.

Айта кетейік, бұған дейін Германия билігі мектептерде мобильді құрылғыларға тыйым салу мүмкіндігін талқылап жатқаны туралы жазған едік. 

Талқылау