Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Франция президенті мінберде сөйлеп тұрған мезетте оқ атылды (видео)

Франция президенті Франсуа Олланд сөйлеп тұрған кезде француз полицейлері абайсызда оқ атты.

6

Бұл туралы BBC жаңалықтары хабарлайды.

Оқыс оқиға нәтижесінде даяшы мен өзге қызметкер жараланды. Басқа ешкім зардап шекпеген.

Оқиға Францияның батысындағы Вильоньон коммунасында болған. Олланд ол жерде жаңа жылдам пойыздардың шығарылуына байланысты іс-шараға қатысқан еді. Атыс бола салысымен бірден тоқтаған президент: “Қауіпті нәрсе емес шығар деп үміттенемін” деді.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша полицей қаруды сақтандырғыш режиміне қоюды ұмытып кеткен. Екі зардап шегуші де аяқтарынан жарақат алыпты. Олар ауруханаға жеткізілген. Өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Полиция оқиғаға байланысты қызметтік тексеруді бастап кетті.

Францияда 2015 жылы қараша айында болған қанды терактіден кейін төтенше жағдай енгізілген болатын. Ол әлі күнге дейін алынып тасталған жоқ. 2016 жылдың қараша айында ел премьер-министрі төтенше жағдай режимінің әлі де созыла түсетінін айтқан.

Оқи отырыңыз:

Кения президенті ислам дінін қабылдаған соң көз жасын тоқтата алмады (видео)

Uber қызметкері алғашқы жұмыс күнінде-ақ жыныстық бопсалауға ұшырағанын айтты

Түркияда Дональд Трамптан аумайтын адам табылды

Некесіз секспен айналысқан мұсылман әйеліне 26 рет дүре соғылды (фото)

Талқылау