Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Франция президенті Макрон Тоқаевқа қоңырау шалды

Фото: akorda.kz

Француз тарапының бастамасы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев президент Эмманюэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әңгімелесу барысында Франция президенті Тоқаевты жаңа Конституцияға арналған жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады. Ол аталған уақиғаның тарихи маңызын, сондай-ақ елді одан әрі жаңғырту жолындағы қарышты қадам екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президентінің қолдауы және референдум нәтижесіне жоғары баға бергені үшін алғыс айтты.

Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастық және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылау мақсатында алдағы уақытта кездесуге уағдаласты.

Еске салсақ, бұған дейін әлем елдерінің басшылары Тоқаевты референдумның сәтті өтуімен құттықтап жатқаны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 17 Наурыз, 2026 18:46