Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Франция президенті Макрон Павел Дуровтың ісі бойынша пікір білдірді

Франция президенті Эммануэль Макрон Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың Францияға келетінін білмегенін және онымен кездесуді жоспарламағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Коллаж Stan.kz

Бұған дейін француздық Canard Enchainé басылымы Дуровтың Францияға Елисей сарайында Макронмен кешкі ас ішу үшін келгені туралы ақпарат таратқан еді. 

"Мен Дуров мырзаның Францияға келгенінен мүлде бейхабар едім. Оны менің шақырғаным туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Менің Дуров мырзамен өткен аптаның соңында да, келесі күндерінде де кездесуім жсопарланбаған. Мен оның Францияға келетінін білмедім", – деді Макрон Белградта өткен баспасөз мәслихатында.


Өз баласына зәбір көрсеткен: Қамаудан шыққан Павел Дуровқа тағы бір айып тағылды


Макрон Дуровқа Франция азаматтығын бергені үшін "толық жауапкершілікті өз мойнына алатынын” атап өтті. 

"Біз бұл шешімді 2018 жылы қабылдадық. Менің ойымша, көрнекті бизнесмендерге, спортшыларға және өнер қайраткерлеріне азаматтық беру дұрыс", – деді Макрон.

Айта кетейік, Дуров Ресей, Франция, Біріккен Араб Әмірліктері және Сент-Китс пен Невис азаматтығына ие. Ол 2021 жылы "Францияның ықпалына үлес қосатын құрметті шетелдік" ретінде француз төлқұжатын алған.

Еске салсақ, бұған дейін Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың Францияда ұсталғаны туралы жазған едік. Дуровқа Telegram-дағы контентті модерациялаудан бас тартқаны үшін терроризм, есірткі саудасы, ақшаны жылыстату сияқты ауыр қылмыстарға қатысы бар деген айып тағылған. 28 тамыз күні Дуров сот шешімімен қамаудан босатылды. 

Талқылау