Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Франция Әблязовты Ресейге экстрадицияламайтынын мәлімдеді

Францияның жоғарғы әкімшілік соты-мемлекеттік кеңес Мұхтар Әбзязовты Ресейге қайтармау туралы шешім шығарды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

ablyazov

Қазіргі уақытта Әблязов Париждің оңтүстігінде орналасқан Флери-Мерожи түрмесінде жатыр. Бұл пенитенциярлық мекеме Еуропадағы ең ірі түрме болып табылады.

Бұған дейін БТА-банктің экс басшысы Мұхтар Әблязовтың Қазақстан, Ресей және Украинада 11 бап бойынша кінәлі деп танылғаны хабарланған болатын.

2009 жылдың 6 наурызында Әблязовқа халықаралық іздеу жарияланды.

Әблязов Францияда 2013 жылдың 31шілдесінде қолға түскен еді.  июля года. Одан кейін американдық кәсіпкер және Chetrit Group иелерінің бірі Джо Четриттің Қазақстандық сыбайластарымен бірге ақша жымқырғаны үшін ізделініп жатқаны белгілі болды. Оған сәйкес, Четрит Алматының бұрынңы әкімі Виктор Храпунов пен БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовқа шамамен 40 миллион доллар көлемінде ақша жымқыруына көмектескен. БТА банк, Алматы қалалық әкімдігі мен ҚР әділет министрлігінің бірігіп жұмыс атқаруымен М.Әблязов пен В.Храпунов жымқырған ақшаның он миллион доллары қайтарылған.

Жіберіп алмаңыз:

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа министрлік құруды ұсынды

Жақсыбеков Тоқаевқа: Сіз Астанаға жуынуға келдіңіз бе? (видео)

Қазақстандықтар Иманғали Тасмағамбетовті 60 жасқа толған туған күнімен құттықтауда

Дональд Трамп Қазақстанның Қашағанды игеруін ғажап оқиғаға балады

Талқылау