Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Фонограммаға тыйым болса, Димаш сияқты таланттар көбейеді – мәжіліс депутаты

Мәжіліс депутаты, Ұлттық құрылтай мүшесі Еділ Жаңбыршин Ұлттық құрылтай аясында өткен секцияда фонограммаға тыйым салу керегін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/kudaibergenov.dimash/

Халық қалаулысы, тыңдарман қауымды алдамау керегін жасырмады.

“Біз фонограммаға тыйым салуымыз керек. Халықты алдамауымыз керек. Халықтың алдына шыққан әнші, әртіс жан дауысымен айтуы қажет. Себебі халық оған ақша төлеп, оның дауысын тыңдауға келіп отыр. Сондықтан әнші айтатын әнін жанды дауыспен айтқаны дұрыс”, – дейді депутат.



Сонымен қатар мәжілісмен әншілер жанды дауыспен ән айтса, шынайы таланттар қатары көбейетінін жеткізді. 

“Фонограммасыз ән айтса, онда біз шынайы таланттарды таба аламыз. Димаш сияқты дауысы бар, әртүрлі тембрде айтатын, компьютермен әрленбеген шынайы дауыспен айтатын таланттарды шығара аламыз. Осылайша дәстүрлі әртістерді сахнаға шығара аламыз, оларға сұраныс та артады. Себебі олар әрқашан жанды дауыста айтады, – деді мәжіліс депутаты.

Айта кетейік, мәдениет және білім туралы заң жобасын талқылау барысында мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай концерттерде фонограмма пайдалануға тыйым салуды ұсынған еді. 

Талқылау