Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Фонограмма, ұрлық, жасандылық: Әли Оқапов бүгінгі эстраданың кемшіліктерін атады

Өнертану магистрі атанған Әли Оқапов бүгінгі эстраданың кемшіліктерін тізіп берді. Әнші жігіт өзін өнер майданындағы сарбазға теңеп, сапалы музыка мен фонограммаға қарсы күресуден шаршаған күні сахнадан кететінін мәлімдеді.

20582470_157922374758598_296340283723874304_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Бір күні мен сахнадан кетемін. Күресуден жалыққан сәтте кетемін. Себебі біздің сахна – ол тұнып тұрған күрес, нағыз шығармашылық пен сапа жолындағы күрес. Қырғыз, өзбек, түрік немесе румын әндерін ұрлауға қарсы күрес. Тыңдарман үшін және күн астынан өз орныңды табу жолындағы күрес. Бір күні біз де өз әндеріміз бен әртістерімізді ажыратып алуды және бағалауды үйренеміз. Қазақ мәтінді тақпақтар мен шансондар – шығармашылықтың биік шыңы емес екенін халық бір күні түсінеді. Күндердің күнінде фонограммамен жеке ән кешін беру, ол уақытта тек түрлі киім мен сахналық мейкке мән беру – ұят болып саналады. Сахнада әртіс пен оның даусы ғана қалса (яғни әннің ізі де қалмаған сәтте) – ол ән айту мәдениетінің жоқтығын білдіретін болады.

Күндердің күнінде еліміздің басты сахналары мен негізгі телеарналарында барлығын қадағалап отыратын шығармашылық кеңес жұмыс істейтін болады. Бір күні ересек әртістер нәпақа табу үшін алаңдарды шарламайды (ондағы халыққа музыка мен кеш қонағынан қарағанда тамақ пен темекі маңыздырақ). Бір күні біз барлық планетаны артта қалдырамыз – себебі біз ешкімнен кем емеспіз. Ал әзірге біз майдан даласындамыз. Әділеттілік пен сапа, шындық пен талант, құрмет пен қошемет, музыка мен шығармашылық үшін жүріп жатқан соғыстамыз. Ал бұл күрестегі сарбаздар – әртістер. Мен қатардамын және ата-анам мен бізді қоршаған музыканттар бойыма сіңірген құндылықтарды қорғауға әзірмін. Бірақ дәлелдеп, күресуден шаршаған кезде мен де кетемін. Дегенмен менің музыкам мәңгілікке қалады әрі менің ісімді жалғастырады деп үміттенемін. Соған сенемін», – деп жазды Әли.

Когда нибудь я уйду со сцены.Когда устану бороться.Так как наша сцена-это борьба.Борьба за качество и истинное творчество.Борьба против краденных Кыргызских или Узбекских или Турецких или Румынских хитов.Борьба за слушателя и место под солнцем.Когда нибудь мы научимся отличать и ценить свою музыку и артистов.Когда нибудь люди поймут что шансон и частушки с Казахским текстом-не есть вершина творчества.Когда нибудь сольный концерт под фонограмму где главной проблемой вечера является количество платьев и смена мейка станет стыдно давать.Когда нибудь крик и ор когда на сцене только артист и его голос,а песни и следа не осталось-станет признаком позерства и отсутствия культуры исполнения.Когда нибудь на главных сценах страны и основных телеканал появится худ.совет который не позволит в погоне за рейтингом допускать непозволительное.Когда нибудь поколению взрослых артистов не нужно будет кормить себя бегая по площадкам где людям важнее еда и перекур нежели музыка и гость вечера.Когда нибудь мы будем впереди планеты всей-потому что мы ничем не хуже.А пока мы на войне.За справедливость и качество,за правду и талант,за почитание и уважение,за музыку и творчество.А артисты в этой борьбе-солдаты.Я в строю и готов к обороне,за ценности и истоки которые мне привили мои родители и их окружение-настоящие музыканты.Но когда нибудь и я уйду,когда устану доказывать и бороться.Но верю и надеюсь что моя музыка останется и продолжит мое дело.Я верю.

Публикация от Али Окапов (@aliokapov)

Жіберіп алмаңыз:

«Орда» тобы тарап кетті ме?

Тұрсынбек Қабатов отбасымен бірге шетелге кетті (фото)

Сиви 18 жасқа толмаған бауырына қымбат көлік сыйлағандарын айтып мақтанды

Мейрамбек Беспаев: Өзімді керемет әншімін деп санамаймын

Талқылау