FlyArystan басшысы қызы Астана әуежайында жалғыз қалған анадан кешірім сұрау үшін Оралға барды
FlyArystan компаниясының бас директоры Ричард Леджер Астана әуежайында рейске кіргізілмей, жалғыз қалып кеткен 12 жасар қыздың анасымен кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: FlyArystan
Ричард Леджер Зере Ғалиеваға, оның әпкесі Заураға және анасы Жазираға FlyArystan компаниясымен 2024 жылдың соңына дейін Қазақстан аумағында ұшу құқығын беретін сертификаттар тапсырды.
"Әуе компаниясының басшысы 2024 жылдың 21 шілдесінде КС 7367 рейсіне міну кезінде Астана әуежайында қалған Зере Ғалиеваның анасы Жазира Мусинадан кешірім сұрау үшін Оралға ұшып барды", – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін FlyArystan әуекомпаниясы 12 жасар қызды рейске мінгізбей, жалғыз өзін өзге қалада қалдырып кеткен еді. Оқиғадан кейін қыздың анасы әуекомпанияның қызметіне наразылық білдірген.
Сөзінше, 20 шілдеде Зере және Зәуре атты егіз қызы Америкадан елге қайтқан. Олар сенімді өкілмен, бір топ баламен саяхаттаған. Қайтарда Астана арқылы транзитпен Оралға ұшуы керек болған, бірақ Зерені компания бортқа кіргізбей, тастап кеткен.