Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Flo Rida, Busta Rhymes и Tyga: Әйгілі америкалық рэперлер Қазақстанға келеді

Америкалық әртістер ҚазақстандаФото: https://www.instagram.com/solana_kz

Қазақстанда алғаш рет әлемдік деңгейдегі ірі шара – Solana фестивалі өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2026 жылғы 16–17 мамырда елімізде жаңа буынға арналған халықаралық Solana фестивалінің алғашқы маусымы өтеді. Қазақстан алғаш рет музыка, визуалды технологиялар және премиалдық шоу мәдениетін біріктіретін осындай ауқымды әлемдік шараны қабылдамақ.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Solana City тұжырымдамасы әлемдік жұлдыздардың қатысуын, инновациялық жарық шешімдерін, жаңа форматтағы сахнаны және өңірде бұрын болмаған фестиваль атмосферасын ұсынады.

Фестивальге барлығы 7 әртіс қатысады. Қазіргі уақытта алғашқы төрт орындаушы – FLO, Busta Rhymes, Tyga және Nicole Scherzinger ресми түрде жарияланды. Қалған төрт артист жақын күндері кезең-кезеңімен хабарланады.

Фестиваль жыл сайын өтетін халықаралық мәдени платформаға айналып, Қазақстанды жаһандық музыкалық индустриямен одан әрі жақындастыруды көздейді.

Айта кетейік, биыл Алматыда әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопес концерт берген еді.

Еске салайық, Дженнифер Лопестің Алматыда өтетін сахнаның дәл алдында орналасқан VIP-аймақтағы орындар 180 мың теңгеге сатылғанын жаздық. Сахнаға жақын орындарға билет арзанырақ – 160 мың теңге. 120 мың теңгеге Fan zone мен сахнаның екі жағындағы орындар болды. Dance floor секторына билет 90 мың теңге тұрады. Сахнадан алыс орналасқан секторлардағы орындар құны 40 мың мен 80 мың теңге аралығында сатылды.

Балнұр Жұмаділла
Сәрсенбі, 10 Желтоқсан, 2025 13:09