Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"ФКСБ" клубы 10 ойыншымен қалған "Црвена Звезда" құрамасына еш қарсылық көрсете алмады

ФКСБФото:Getty images

Еуропа лигасының бесінші турында "Црвена Звезда" мен ФКСБ командалары арасында матч өтті. Ойын алғашқы минуттардан-ақ тартысты өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бірінші таймның 27-минутында сербиялық команда сапынан Франклин Тебо ереже бұзып, алаңнан қуылды.

Он ойыншымен қалған "Црвена Звезда" үшін жағдай күрделене түсті.

Алайда екінші таймның басында "қызыл-ақтар" есеп ашты. Сербиялық құрама сапынан Бруно Дуарте қарсылас қақпасынан саңылау тауып, гол соқты. ФКСБ ойыншылары таразы басын теңестіруге барын салған еді. Бірақ сербиялық құраманың қорғанысын бұза алмады.

"Црвена Звезда" тағы бір мәрте гол соқты. Бірақ футболшы офсайдта қалып, гол есепке алынбады. Осылайша, сербиялық команда 1:0 есебімен жеңіске жетті. Бір ойыншы артық ойнаған ФКСБ құрамасы "Црвена Звезда" командасына төтеп бере алмады.

Бес турдан кейін "Црвена Звезда" 7 ұпай жинады, ал румындық команда тек 3 ұпаймен шектелді.

Ақерке Өмірхан
Бейсенбі, 04 Желтоқсан, 2025 15:33