Fitch Ratings Altyn Bank-тің кредиттік рейтингін "BBB+" деңгейіне дейін көтерді

Fitch Ratings агенттігі "Altyn Bank" АҚ-ның (China CITIC Bank Corporation Limited ЕБ) (бұдан әрі – банк) шетел және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді эмитент дефолты рейтингтерін "BBB" деңгейінен "BBB+" деңгейіне дейін көтерді. Бұл бағалау – Altyn Bank-тің қаржы институты ретінде тұрақтылығы мен сенімділігінің маңызды көрсеткіші.
Осы шешімге әсер еткен негізгі факторлардың бірі ретінде Fitch негізгі акционер – China CITIC Bank Corporation Limited тарапынан қолдаудың жоғары ықтималдығын атап өтті. Бұл акционер тарапынан қолдау рейтингісінің "bbb+" деңгейінде бағалануымен көрініс тапты.
Сондай-ақ халықаралық рейтингтік агенттік Altyn Bank-тің шетел және ұлттық валютадағы қысқа мерзімді эмитент дефолты рейтингтерін "F2"-ден "F1"-ге дейін көтерді. Бұл деңгей Fitch бағалау сатысындағы ең жоғары көрсеткіш болып табылады және банктің қысқа мерзімді міндеттемелерін уақтылы орындау қабілетін растайды.
Fitch сонымен қатар банктің ұлттық ұзақ мерзімді рейтингін "AAA (kaz)" деңгейінде растады. Рейтинг бойынша болжам – "Тұрақты".
"Fitch Ratings агенттігінің бағалауы Altyn Bank-тің қаржылық тұрақтылығының жоғары деңгейін растайды. Банк Қазақстандағы "BBB+" кредиттік рейтингіне ие санаулы қаржы институттарының бірі болып табылады. Altyn Bank тұрақты қаржылық көрсеткіштерді және тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін көрсетіп отыр. Сонымен қатар, банк нарықтағы уақытылы төленбеген несиелер (NPL) деңгейінің ең төмен көрсеткіштерінің бірін сақтай отырып, сапалы кредиттік портфель қалыптастыруда", – деп атап өтті "Altyn Bank" АҚ Басқарма Төрағасы Мұрат Байсынов.
Анықтама үшін: 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Altyn Bank коммерциялық банктер арасында активтер көлемі бойынша 12-орында, несие портфелі көлемі бойынша 12-орында, депозиттер көлемі бойынша 11-орында, таза пайда бойынша 13-орында тұр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша банктің активтері 32,9% өсіп, 1 333 млрд теңгені құрады, несие портфелі 809 млрд теңгеге жетіп, өсім 38,9% көрсетті, депозиттер көлемі 979 млрд теңгеге тең келіп, 24,5% артты. Банктің 2025 жылдағы таза пайдасы 40 млрд теңгеге жетті.
"Азық-түлік пен медицина қолжетімді": Иранда тұратын қазақ қандастар Отанға оралғысы келмейтінін айтты