Қазақстандағы түтінсіз болашаққа қадам: Филип Моррис жергілікті өндірісті іске қосып, экономикалық және қоғамдық денсаулыққа үлес қосуда

Фото: Филип Моррис Интернэшнл
Филип Моррис Интернэшнл Қазақстанда түтінсіз өнімдердің жергілікті өндірісін іске қосып, елді Орталық Азиядағы өңірлік көшбасшыға айналдыруға бағытталған маңызды қадам жасады. Кейінгі 30 жылда компания 1,4 триллион теңгеден астам салық төлеп, жергілікті кәсіпкерлерді қолдауды өз стратегиясының басты бөлігіне айналдырған. Филип Моррис Интернэшнл компаниясының Бас директоры Яцек Ольчак Stan.kz тлішісіне берген сұхбатында жаңа өндірістің жоғары білікті 200 жұмыс орнын құруға және ішкі нарық сұранысына жылдам әрі тиімді жауап беруге мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар бұл жоба қоғам үшін темекінің зияны аз баламаларды қолдану арқылы денсаулық сақтау саласында нақты прогреске жол ашпақ.
– Филип Моррис Интернэшнл он жылдан астам уақыттан бері түтінсіз болашақты қалыптастыру бағытында жұмыс істеп келеді. Түтінсіз өнімдерге көшу бойынша қай елдер көш бастап отыр? Олардың табысты болуының себебі неде?
– Кейінгі он жылда бірнеше мемлекет ғылыми негізделген реттеуді қабылдап, темекінің зияны аз баламаларын қолжетімді етіп, оның аясын кеңейту арқылы темекісіз болашаққа жетуде айтарлықтай прогреске қол жеткізді. Снюс пен никотинді пауч сияқты түтінсіз өнімдердің кең таралуының арқасында Швеция Еуропалық одақтағы темекі шегудің ең төмен көрсеткішіне жеткен ел атанды. Елде темекі шегу деңгейі 5,3%-ға дейін төмендеді. Венгрияда қыздырылатын темекі жүйелері жетекші орынға шықса, сигарет сату күрт қысқарды. Бұл қоғамның зиянды азайту бағытындағы бетбұрысын көрсетеді. Чехия да темекі зиянын азайту шараларын ұлттық денсаулық сақтау стратегияларына енгізіп, дәстүрлі темекі шегу деңгейін төмендетті және вейптер мен қыздырылатын темекі жүйелері сияқты баламаларды кеңінен қолданып жүр.
Грецияда авторизацияланған өнімдерге қатысты қауіптің төмендеуі туралы мәлімдемелерге рұқсат беріледі, бұл темекі шегу деңгейін төмендетуге бағытталған прогреске ықпал етеді. Жапонияда қыздырылатын темекі жүйелерінің кең таралуы 2015 жылдан бері темекі сатылымының 40%-дан астам төмендеуіне алып келді. АҚШ-та FDA (Тағам өнімдері мен дәрі-дәрмектердің сапасын санитарлық қадағалау басқармасы) IQOS пен снюсты зияны аз темекі өнімдері ретінде мойындауы өзгерістерді ынталандырудағы нормативтік қолдаудың рөлін айқындайды. Керісінше, Түркия, Таиланд, Маврикий және Бразилия сияқты түтінсіз өнімдердің айналымын шектейтін елдерде темекі шегетіндердің саны азаймай тұр. Бұл мысалдар дерекке негізделген саясат пен тұтынушы таңдауын ескеру қоғамдық денсаулық сақтауда ілгерілеуге маңызды екенін көрсетеді. Сондай-ақ дұрыс реттеу тәсілін қабылдаған жағдайда Қазақстанның өңірлік көшбасшыға айналуға мүмкіндігі бар екенін аңғартады.
– Қалай ойлайсыз, Қазақстанның темекісіз болашаққа қол жеткізу бағытындағы ілгерілеуі қалай?
– Қазақстан темекісіз болашаққа ұмтылу жолында айтарлықтай прогреске қол жеткізді, дегенмен әлі де дамыту қажет бағыттар бар. Елде түтінсіз өнімдерді қолдану тұрақты түрде өсіп келеді: мыңдаған кәмелетке толған темекі тұтынушылары қыздырылатын темекі жүйелеріне ауысты. Бұл оң үрдіс тәуелсіз сауалнамалармен де расталады. Онда түтінсіз өнімдерді қолданушылардың 47%-ы – бұрынғы темекі шеккендер. Олар осы өзгерістер кейін өздерінің өмір салты мен күнделікті әл-ауқатының айтарлықтай жақсарғанын байқаған.
Сонымен қатар тәуелсіз әлеуметтік сауалнама түтінсіз өнімдерді пайдаланушылардың 70%-дан астамы жаңа өнімдерді реттеуді олардың тәуекел деңгейіне негіздеу қажет дегенді қолдайтынын көрсетті. Олар сондай-ақ зиянды азайту туралы ақпаратқа және денсаулыққа зияны жөніндегі тиісті ескертулер қолжетімді болуға тиіс деп санайды. Алайда түтінсіз өнімдерге қатысты қолданыстағы шектеулер темекі шегентіндердің сигареттен бас тарту қарқынын баяулатты.
Қазақстанның прогресін Швеция немесе Жапония сияқты елдермен салыстыру – онда зияны аз баламалардың қолжетімділігі темекі шегу деңгейінің айтарлықтай төмендеуіне әкелген – реттеуді нақты деректерге негіздеудің маңызын айқын көрсетеді. Ғылыми негізделген баламаларға үздіксіз инвестиция салу және қолдаушы саясатты іске асыру арқылы Қазақстан темекі түтінінен азат қоғам құру жолындағы ілгерілеуді одан әрі жеделдете алады.

Фото: Филип Моррис Интернэшнл
– Инновациялық өнімдерді қабылдаған басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанның қазіргі реттеу тәсілін қалай бағалар едіңіз?
Қазір Қазақстандағы түтінсіз өнімдерге қатысты реттеу фактілік деректерге негізделген саясат қолданылатын нарықтармен салыстырғанда әлдеқайда қатаң. Мысалы, Швеция сияқты елдерде түтінсіз өнімдер ұзақ мерзімге қолжетімді. Сондай-ақ ашық ақпараттандыру пен тұтынушылық сұраныс темекі шегу деңгейін айтарлықтай төмендетуге ықпал етті. Егер Қазақстан да деректерге негізделген осындай тәсілді қабылдап, жоғары сапалы никотинді балама өнімдерді қолжетімді етіп, кеңейтсе және тұтынушыларды дұрыс ақпараттандырса темекі тұтынушылардың санын азайтуда алға озар еді. Сонымен қатар жаңа никотин өнімдерінің жедел таралуына байланысты ЕАЭО елдері бұл өнімдерге қатысты бірыңғай, ғылыми негізделген ережелер әзірлей алар еді. Бұл ережелер Қазақстанның темекіге қарсы күрес бойынша болашақтағы күш-жігерін қолдауға жағдай жасар еді.
– Филип Моррис Қазақстан жуырда түтінсіз өнімдердің жергілікті өндірісін іске қосты. Бұл жоба компанияның аймақтық және жаһандық стратегиясында түтінсіз болашаққа көшу мақсатын қалай көрсетеді?
Түтінсіз темекі өнімдерін (стиктерді) жергілікті деңгейде өндіре бастау – Филип Моррис Интернэшнлдің түтінсіз болашақ туралы жаһандық және өңірлік көзқарасына толық сәйкес келетін маңызды қадам. Бұл инвестиция Филип Моррис Интернэшнлдің Қазақстандағы өндірістік және инвестициялық ортаға деген ұзақмерзімді сенімін білдіреді. Компания елімізді жауапты инвестициялар үшін тартымды бағыт әрі Орталық Азия мен Кавказға экспорт жасайтын хаб ретінде дамытуды мақсат етеді. Орталық Азияда темекі шегетіндер анағұрлым зияны аз баламаларды іздеп жатқанда, түтінсіз өнімдердің жергілікті өндірісі Қазақстанды өңірлік түтінсіз трансформацияның көшбасшысы ретінде танытып отыр.
– Түтінсіз өнімдерді жергілікті деңгейде өндіру жобасы жергілікті экономикаға қандай пайда әкеледі?
Инвестицияны ерте қайтаруды ойлаудың орнына, бұл жоба Қазақстан мен көрші елдердегі қоғамдық денсаулық сақтаудың неғұрлым ауқымды мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған. Болжам бойынша, жыл соңына қарай фабрика өндірісінің 22%-ы қыздырылатын темекі өнімдеріне тиесілі болады. Бұл үшін 2025 жылы 34 миллиард теңгеден аса қаржы құйылады. Бастама аясында 200 жоғары білікті жұмыс орны құрылады. Олардың басым бөлігі – инженерлік және кәсіби бағыттағы мамандықтар. Сондай-ақ бұл орындардың жартысы қазірдің өзінде толып кетті. Қазақстандағы жергілікті өндіріс нарық сұранысына жылдам әрі тиімді жауап беруге мүмкіндік береді, себебі шикізаттың 70%-дан астамы қазірдің өзінде ел ішінде өндіріледі. Жергілікті деңгейде түтінсіз өнімдер өндіру сыртқы жеткізушілерге тәуелділікті азайту арқылы тұрақтылықты одан әрі арттырады. Филип Моррис Интернэшнл қыздырылатын темекі өнімдерін өндіруді орналастырған сегізінші ел ретінде Қазақстанның жаңа статусы оны әлемдегі ең ірі 20 түтінсіз нарықтың қатарына елеулі үлес қосатын ел ретінде атап көрсетеді.
– Кейінгі 30 жылда Филип Моррис Интернэшнлдің Қазақстан экономикасына қосқан үлесін көрсететін қандай деректермен бөлісе аласыз?
Кейінгі 30 жыл ішінде біз Қазақстанның дамуына елеулі экономикалық үлес қостық – 1993 жылдан бері 1,4 триллион теңгеден астам салық төледік. Тек 2024 жылдың өзінде 170 миллиард теңге салық аударып, елдегі тұрақты ең ірі 10 салық төлейтін компанияның қатарындамыз. Сондай-ақ ұзақ жылдар бойы бұл тізімнен түспей келе жатқан жалғыз FMCG компаниямыз. Филип Моррис Интернэшнлдің жергілікті кәсіпті қолдауға деген ұстанымы – жеткізушілердің 70%-дан астамын Қазақстаннан тарту стратегиясында көрініс табады. Бұл ішкі экономиканың өсуіне ықпал етіп, шикізат пен адами капитал саласындағы жергілікті әлеуетті арттырады. Бүгінде Орталық Азиядағы біздің кеңселерімізде 1000-нан астам адам жұмыс істейді, ал тағы 68 қызметкер жаһандық және өңірлік деңгейде еңбек етеді. Тікелей жұмыс орындарынан бөлек, Филип Моррис Интернэшнлдің өндіріс және жеткізу тізбегінде мыңдаған адам жұмыс істейді. Олардың қатарында сату, дистрибуция, логистика және нысандарды басқару саласындағы мамандар бар. Бұл Қазақстан экономикасына компанияның оң әсерін одан әрі күшейтеді.
Діни секталар адамдарды ұйымға қалай тартады – Исламтанушы жауап берді