Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

FIFA Series 2026: Байсуфинов Қазақстан құрамасына шақырылған нақты футболшыларды жариялады

футболФото:ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасының алдағы FIFA Series турниріне арналған нақты құрамы белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бас бапкер Талғат Байсуфинов Астанада өтетін жарысқа шақырылған 26 футболшының тізімін жариялады.

Құрама сапында үш қақпашы бар: Темірлан Анарбеков ("Қайрат"), Мұхамеджан Сейсен ("Астана") және Бекхан Шайзада ("Ордабасы").

Қорғаныс шебінде Сергей Малый ("Ордабасы"), Александр Мрынский, Александр Широбоков, Еркін Тапалов (үшеуі де "Қайрат"), Нұралы Әліп ("Зенит"), Ян Вороговский мен Әлібек Қасым ("Астана"), Арсен Әшірбек ("Елімай"), Мейрамбек Қалмырза ("Тобыл"), сондай-ақ Әділет Кенесбек пен Сағи Совет ("Қайсар") өнер көрсетеді.

Жартылай қорғаушылар қатарында Рамазан Оразов ("Елімай"), Айбол Әбікен ("Қайсар"), Исламбек Қуат ("Жеңіс"), Дінмұхамед Қараман ("Астана"), Жасұлан Жұмашев ("Тобыл") және Ғалымжан Кенжебек ("Ахмат") бар.

Шабуыл шебінде Дастан Сатпаев ("Қайрат"), Максим Самородов ("Ахмат"), Ислам Чесноков ("Хартс"), Иван Свиридов ("Елімай"), Артур Шушеначев ("Ақтөбе") және Нұрдәулет Ағзамбаев ("Қайсар") шақырту алды.

Айта кету керек, бастапқы кеңейтілген тізімге енген бірқатар футболшылар соңғы құрамға кірмей қалды.

Олардың қатарында Димаш Қашкен, Александр Заруцкий, Сұлтанбек Астанов, Әділбек Жұмаханов, Наурызбек Жагоров, Санжар Сатанов, Сағадат Тұрсынбай, Бағдат Қайыров және Амандық Нәбиханов бар.

Сонымен қатар Жан-Әли Пайруз, Алмас Төлібай, Әділет Садыбеков, Дамир Қасаболат, Ерсұлтан Қалдыбеков, Зикрилло Сұлтаниязов, Дамир Марат, Александр Зуев, Георгий Жуков, Рамазан Бағдат, Эльхан Астанов, Рамазан Кәрімов және Айбар Жақсылықов та негізгі тізімге қосылмады.

Қазақстан құрамасы аталған турнир аясында екі жолдастық матч өткізеді. Ойындар 25–28 наурыз күндері Астана Арена стадионында өтеді.

Ақерке Өмірхан
Сейсенбі, 17 Наурыз, 2026 20:36