ФИФА 2026 жылғы әлем чемпионатындағы билет бағасын 10 990 долларға дейін қымбаттатты

2026 жылы өтетін футболдан әлем чемпионатына билеттердің бағасы айтарлықтай өсіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
NPR мәліметінше, турнирдегі 104 матчтың кемінде 40-на билет құны қымбаттаған.
Қазіргі таңда кейбір билеттердің бағасы шамамен 10 990 долларды (5,3 млн теңге) құрайды. Бағаның күрт өсуі әсіресе жанкүйерлері көп құрамалардың Бразилия, Аргентина, Англия, Германия және турнир қожайыны Мексика командаларының ойындарына қатысты байқалады.
Мысалы, Мексика мен Сауд Арабиясы арасындағы матчқа билет бағасы 2985 доллар (шамамен 1,44 млн теңге) дейін көтерілген. Ал Даллас қаласында өтетін жартылай финал ойынының билеттері 3710 долларды шамамен 1,79 млн теңге.
Бұл өзгерістер жанкүйерлердің наразылығына қарамастан жүзеге асып отыр. Ең жоғары баға финалдық ойынға арналған бірінші санаттағы билеттерге тиесілі. Аталған матч 19 шілдеде MetLife Stadium аренасында өтеді. Бұған дейін бұл билеттердің құны 8680 доллар (4,19 млн теңге) және 6370 доллар (3,07 млн теңге) болған.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты тарихта алғаш рет 48 құрама қатысады. Дүбірлі дода 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді.