"Фактіні мойындап, кешірім сұрауды талап етеміз": Әзірбайжан билігі Шешенстаннан ешқандай көмек алғысы келмейтінін мәлімдеді
Шешенстан билігі бір күн бұрын "Рамзан Қадыровтың тапсырмасы бойынша Ақтаудағы ұшақ апатында қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына қаржылай және басқа да көмек көрсетуге дайын" екенін мәлімдеді. Алайда Әзірбайжан президентінің әкімшілігі ешқандай көмек қабылдамайтынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Day.az басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: ТАСС
Әзірбайжан билігі ешқандай көмекке мұқтаж емес екенін хабарлады.
"Еліміз ешқандай көмекке мұқтаж емес. Мұндай көмекті мемлекет те, азаматтар да қабылдамайды. Азаматтарымызға қажетті көмекті өзіміз көрсетеміз. Әзірбайжан фактіні мойындауды, кешірім сұрауды және тиісті өтемақы төлеуді талап етеді", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Әзірбайжан әуе компаниясына тиесілі Embraer E190AR ұшағы Ақтау қаласындағы әуежай маңында апатқа ұшыраған еді. Ұшақта барлығы 67 жолаушы, оның ішінде 6 қазақстандық болған. Бортта болған қазақстандықтардың барлығы қаза тапты. Ұшақ апатында қаза болған қазақстандықтардың аты-жөндері белгілі болды. Қаза тапқан Қазақстан азаматтарының төртеуі Маңғыстау облысының, біреуі Қостанайдың, біреуі Астана тұрғыны болғандары анықталды.
Сондай-ақ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов Ақтаудағы ұшақ апатында қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына қандай көмек көрсетілетіні туралы айтқан еді.