Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Евгений Кошкин конькиден Әлем кубогында тарихи алтынды жеңіп алды

Польшада Томашув-Мазовецкий қаласында өтіп жатқан конькиден Әлем кубогында Қазақстан құрамасының спортшысы Евгений Кошкин алтын жүлдені жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: olympic.kz

Қазақстандық спортшы 500 метрлік қашықтықта ең жоғары нәтижені көрсетті. Евгений Кошкин мәреге 34,52 секундта келді.

500 метрді 34,70 секундта өткен Канада спортшысы Лорен Дюбрель күміс жүлдені иеленді. Ал қола медальды 34,76 секундта келген Польша өкілі Марек Каниа алды.

Бұған дейін, Кошкин Харбинде өткен қысқы Азия-2025 ойындарында 100 метрлік қашықтықта күміс жүлде еншілеген еді.

Соңғы рет қазақстандық спортшылар конькиден Әлем кубогында алтын жүлдені 2011 жылы ұтқан. 

Айта кетейік, Польшадағы Әлем кубогында Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль жеңіп алған болатын.

Талқылау