Еуропалық WhiteBIT криптобиржасы Қазақстанда жұмысын бастады

Еуропадағы ең ірі криптобиржалардың бірі – WhiteBIT Қазақстанда ресми түрде жұмысын бастады. Енді қазақстандық қолданушылар еуропалық деңгейдегі сапалы сервис арқылы цифрлық активтерді оңай әрі қауіпсіз сатып алып, сата алады және айырбастай алады. Оған қоса жергілікті қолдау да қарастырылған.
WhiteBIT іске қосылып, криптовалютаны көпшілікке түсінікті әрі қолжетімді етті. Платформаның құралдары қараапайым, интерфейсі ыңғайлы және жүйесі сапалы. Енді қолданушылар цифрлық активтерді саудалап қана қоймай, криптонарықтың мүмкіндіктері мен тәуекелдерін түсінуге көмектесетін білім беру бағдарламаларына да қатыса алады.
"Біз үшін Қазақстан – жай ғана жаңа нарық емес, технологияға қызығып, оны тиімді пайдаланғысы келетін адамдар қауымдастығы. Біз қолданушыларға ең маңызды нәрселерді – қауіпсіздікті, ыңғайлылықты, құрметті ұсынамыз", – деді W Group экожүйесіне кіретін WhiteBIT компаниясының негізін қалаушы әрі президенті Владимир Носов.
Компания қазір әлем бойынша 8 миллионнан аса қолданушыға қызмет көрсетеді. Сонымен қатар “Ювентус" футбол клубы мен Visa төлем жүйесі сияқты танымал брендтермен жұмыс істейді. Қазақстанда WhiteBIT жергілікті экожүйені дамытып, теңгемен жұмыс істеу мүмкіндіктерін кеңейтуді жоспарлап отыр.
"Біз адамдарға жақын болғымыз келеді. Қазақстан нарығы қарқынды дамып келеді, ал біздің мақсатымыз – әр адамға криптотехнологияларды күнделікті өмірде қауіпсіз әрі ыңғайлы қолдануға көмектесу", – деді WhiteBIT Kazakhstan компаниясының бас директоры Максат Құрманов.
WhiteBIT-тің басты құндылығы – қауіпсіз әрі ашық болу. Платформа халықаралық талаптарға сай деректерді қорғайды және тұрақты түрде тәуелсіз тексеруден өтеді.
Қазақстанда WhiteBIT іске қосылған соң, қолданушылар қауіпсіз сауда жасаудан бастап, қазақ тілінде оқу курстарынан өту және қолдауға дейін көптеген мүмкіндік алады.
"7 миллиард теңгеге жуық": Алматы әкімін қамтамасыз етуге премьер-министрден көп қаржы жұмсалады