Еуропа кубогінде белдесетін жас балуандарымыз анықталды
Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Грекияда өтетін Еуропа кубогінде өнер көрсетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Грекияның Салоники қаласында өтетін Еуропа кубогінде сынға түседі. 23-24 қараша күндеріне өтетін додаға барлығы 30 елден 476 дзюдошы татамиге шыққалы отыр. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын жас балуандардың тізімін ұсынамыз:
Ұлдар:
-50 кг: Даниял Сейілхан;
-55 кг: Аслан Ерғалиев;
-55 кг: Бекнұр Амангелді:
-60 кг: Марғұлан Игілік;
-60 кг: Ержәнібек Тұрысбек;
-60 кг: Алтынбек Қонысбай:
-60 кг: Нұрдос Досберген;
-66 кг: Кирилль Байдәулетов;
-81 кг: Расул Мұқым;
+90 кг: Ералы Базаркатов;
+90 кг: Әділжан Жаудинов.
Қыздар құрамасы:
-48 кг: Әсел Русланова;
-48 кг: Гүлхан Шыңғысхан;
-48 кг: Айдана Анварова;
-57 кг: Кира Хегай.
Айта кетейік, Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушылары Мейірлан Баймаханбетов пен Алмас Несіпберлинов.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты

