Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуропа елдері Украинаға әскер жіберу мәселесінде келісімге келе алмады

БАҚ-та Еуропа елдерінің көшбасшылары Украинаға әскер жіберу мәселесінде келісімге келе алмағаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Ақпаратқа сәйкес, Германия, Италия, Польша және Испания Украинаға бітімгершілік күштерін жіберуге құлықсыз екенін білдірді. Саммит алдында Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер Ұлыбританияның соғыс тоқтауы туралы ықтимал келісімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өз әскерін жіберуге дайын екенін мәлімдеді.

Саммиттен кейін Германия, Италия және Польша АҚШ-тың Украина қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлін жалғастыруын қолдайтынын айтты.


Америка Украинаға да, Еуропаға да қауіпсіздік кепілі болмайды: АҚШ қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады


Financial Times-тың дереккөздерінің айтуынша, Франция еуропалық күштерді қақтығыс аймағынан алыс орналастыруды ұсынған.

The Washington Post басылымының мәліметінше, Еуропа елдері Украинаға "ұстап тұру" күштерін жіберу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл жоспар бойынша, 25-30 мыңға жуық әскери қызметкер Ресей әскерінің соғысты қайта бастау әрекетіне қарсы "күш көрсетуге" дайын болмақ.

The Wall Street Journal мәліметіне сәйкес, бұл жоспар аясында еуропалық әскерилер украиналық сарбаздарды даярлаумен айналысады. Еуропа елдері бұл нұсқаны АҚШ билігінің ұсынысына балама ретінде қарастыруда. АҚШ билігі еуропалық әскерилерді қақтығыс сызығының бойына орналастырып, олар арқылы бейбіт келісімдердің орындалуын қадағалауды ұсынған еді.

Еске салсақ, осыған дейін Ұлыбритания бейбітшілікті сақтау үшін Украинаға әскер жіберуге дайын екенін мәлімдеген еді.

Талқылау