Еуроодақ қазақстандық компанияларға да санкция енгізуді жоспарлап отыр – БАҚ
Еуроодақ Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектесетін елдерге қысым жасамақшы. Сондықтан Қазақстан, Өзбекстан мен Иран, Қытай компанияларына санкция енгізбек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап.
Басылымның дереккөзі мәлім еткендей Еуроодақ 11-санкциясына Қазақстан мен өзге де елдердің компанияларын қосуы мүмкін. Әрі мұндай компаниялардың саны онға жуық екен. Дегенмен олардың аты нақты аталмаған.
Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен жаңа санкциялар легі Ресейге бұрынғы санкцияларды айналып өтудің алдын алуға бағытталатынын мәлімдеді. Сондай-ақ санкцияны "Үлкен жетілік" құрамындағы елдермен ақылдаса отырып жасаған.
Еуроодақ мұнайды теңіз арқылы тасымалдайтын компанияларға қысым жасамақ. Осылайша мұнайды теңізде түсіруге, GPS-трекерді өшіріп портқа жеткізудің алдын алады екен.
Дипломаттардың хабарлауынша жаңа санкция туралы консенсус одаққа мүше 27 елде жоқ екен. Әрі келіссөздер қызу жүріп жатыр, өйткені кей елдер миллиондаған еуродан қағылуы мүмкін. Мәселен, бүгінгі таңда ресейлік алмазды сатып алудан бас тарту туралы шешім қабылданбаған. Егер бұл қабылданғанда келетін шығын 500 миллион еуроға жуықтайды екен.
Айта кетейік, бұған дейін Еуроодақ Ресейге көршілес Орталық Азия елдері мен Қытайға санкция салу жолдарын қарастырып жатқаны туралы хабаралған едік. Ең алдымен Еуроодақ санкциясы "саудадағы серпілістің" себебін түсіндіре алмаған елдерге салынбақ. Ал негізгі мақсаты – Мәскеу қолдануы мүмкін тауар арналары мен Ресейге көмектесіп отырған елдерге тосқауыл болу.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
