Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуразиялық банк жүргізетін тергеудің үшінші сериясы: дропперлер, жалған табыс көздері мен қауіпті сілтемелер

Еуразиялық банк жүргізетін тергеудің үшінші сериясы: дропперлер, жалған табыс көздері мен қауіпті сілтемелер

Еуразиялық банк алаяқтарды әшкерелейтін оқу бейне роликтерінің жаңа сериясын шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жоба Алматы қаласы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қолдауымен жүзеге асырылды.

Қазіргі таңда кең таралған үш схемадан тұратын серияда:

  1. Дропперлік: бұл “жай ғана карта бере тұруды” ұсынып, оңай табыс табуға уәде беретін, бірақ іс жүзінде адамды қылмысқа тартатын жағдай.
  2. Қаржы пирамидалары: соңы ақшаны жоғалтумен аяқталатын “жеңіл табыс” туралы алдамшы уәделер.
  3. Қауіпті сілтемелер: бір рет бассаңыз болғаны, деректеріңіз қаскүнемдердің қолына өтетіні көрсетілген.

Дропперлермен жүргізілетін схемаларға ерекше назар аударылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне аударымдар мен төлемдерді үшінші тұлғалардың мүддесі үшін сыйақыға немесе оны алу мақсатында жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартатын бап енгізілді.

2025 жылдың қыркүйегінен бастап мұндай операцияларға қатысудың өзі алаяқтыққа қатысқан болып саналады да, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкелуі мүмкін.

ҚР ҚК-нің 232-1-бабында көзделген жауапкершілік:

  • Өзінің банктік шотыңа заңсыз қолжетімділікті бергені үшін 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу.
  • Үшінші тұлғалардың мүддесіне аударымдар мен төлемдер жасағаны үшін 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу.
  • Алаяқтық схемаларға делдал іздейтін ұйымдастырушылар үшін (дроповод - ақша айналдырушы) — 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу.

Есте сақтау керек!

  1. Карта-тек қана сіздікі. Оның деректерін ешкімге бермеңіз де, жібермеңіз де.
  2. Кез келген “жылдам ақшаның” – бәрі – әрдайым алаяқтық.
  3. Ақша қаражатын танысыңыз болсын мейлі, бейтаныс адамның өтініші бойынша да аудармаңыз.
  4. Схеманың құрбаны болғаннан гөрі банкке немесе полицияға тағы бір рет қоңырау шалған дұрыс.

Роликтердің жаңа нұсқасын банктің YouTube арнасынан көріп, оның сілтемесімен қаскүнемдердің қақпанына жиі түсетін балаларыңыз бен егде жастағы туыстарыңызбен бөлісіңіз.

ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 2020 жылғы 3 ақпандағы № 1.2.68/242/40 лицензиясы

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 27 Қараша, 2025 09:00
Талқылау